«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің базасында базасында «Ақмола облысында әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы әскери технологиялық дайындықтың рөлі мен маңызы» атты екі күндік семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты: өңірдегі АӘТД жағдайын талқылау, әскери-патриоттық тәрбие жұмысының тиімсіздігінің себептерін анықтау, әскери – патриоттық тәрбие бойынша бірыңғай ұсыныстар әзірлеу.
Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.
Қатысушылар: Ақмола облысының жалпы білім беру мекемелерінің АӘТД пәнінің мұғалімдері мен аудан әдіскерлері, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңес жұмысы барысында өңірдегі әскери-патриоттық жұмыстарға талдау жасау, өңірдегі кадет сыныптарының жұмыс істеуіне талдау жасау, әскерге шақырылған жастардың денсаулық жағдайы және т. б. мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.