«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2019 жылдың 26-27 сәуірі Зеренді ауданы, Садовое аулының шатқалында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ашық таулы фестиваль өтті.
Фестивальдің мақсаты: жаппай спорттық туризмді әйгілеу және болашақта дамыту, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін жоғарлату, туристік көпсайыс бойынша Ақмола облысының ең үздік командаларын анықтау.
Жарыстарға 21 команда қатысты, оның ішінде 5 команда «Ересектер» тобынан, 8 «Юниорлар» және 8 «Жасөспірімдер». Командалар Көкшетау қаласынан, Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарынан келді. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамды құрады.
Жарыстардың ашылу салтанатында жарыстардың бас төрешісі Е.С. Ефремов сөз сөйледі, ол қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстар 4 қашықтықтан тұрды: «Командалық», «Вело-триал», «Тауға өрмелеу», «Байқау». Жарыстардың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер қалыптасты:
«Жасөспірімдер» тобында:
1 орын – Көкшетау қ. «Синегорье-Аулет» командасы (жетекшісі Калашинов Ж.Н.)
2 орын – Көкшетау қ. «№17 ОМ» командасы (жетекшісі Букенов Е.К.)
3 орын – Көкшетау қ. «Кокше-Аулет» командасы (жетекшісі Калашинов Ж.Н.)
«Юниорлар» тобында:
1 орын – Зеренді ауданы «Поколение» командасы (жетекшісі Радченко М.В.)
2 орын – Көкшетау қ. «Фирн-2» командасы (жетекшісі Пономарева Л.Е.)
3 орын – Сандыктау ауданы «Арыстан» командасы (жетекшісі Романюк А.В.)
«Ересектер» тобында:
1 орын – Зеренді ауданы «Шатун» командасы (жетекшісі Маршалко В.А.)
2 орын – Көкшетау қ. «КА-2» командасы (жетекшісі Болатбеков А.)
3 орын – Көкшетау қ. «Каз.пед.колледж а.Мусин» командасы (жетекшісі Хамзин Е.С.)
Бұл жарыстар қатысушылардың туризм және туристтік көпсайыс саласындағы текникалық және тактикалық дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді. Жарыстардың жеңімпаздары мадақтамалармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.