«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Жастардың жылына арналған
«Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны жалғасуда
Көк желек отырғызу – игілікті іс. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ орманға, баққа үлкен мән берген. «Бір тал кессең, он тал ек» деп өсиет еткен. Келер ұрпақтың игілігіне жанға жайлы, ауасы таза, жұпар иісі аңқып тұратын жасыл желек қалдыру – үлкен тарту.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының қызметкерлері «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны аясында көгалдандыру жұмысын жалғастырды.
2019 жылдың 4 мамыр күні Елемесов көше бойында және Әуелбеков 124 көшесінде орналасқан гараж оқшауларын ағарту, аумақты қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізіп, 22 түп қайың, қарағай ағаштарын отырғызды. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының директоры Арман Ғалымтайұлы Умурзаков туған жерді көркейту, көгалдандыру, ағаш отырғызу ең маңызды іс-шаралардың бірі екенін атап өтті. «Ағаш егу атадан балаға мирас» болған сауапты іс. Бұл сауапты іс бұнымен тоқтамауы керек деп, өзгелерді де шараға атсалысуға шақырады.
Облыстық орталықтың қызметкерлері іс-шараға белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.