«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» облыстық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауының қорытындысы

12.04.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2022 жылдың 06 – 08 сәуір күндері аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» базасында «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты:

- туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту;

-оқушылар мен оқытушылар арасында патриотизмді, туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрасына мұқият қарауды тәрбиелеу;

-ең қызықты өлкетану зерттеулік жұмыстарды анықтау;

-өлкетану және зерттеу саласында талантты балалар мен жастарды, педагогтарды қолдау;

-теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, балалар білім беру мекемелерінде өлкетану тәжірибесінде қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді енгізу;

-оқушылардың моральдық, дене шынықтыру тәрбиесін жетілдіру.

Байқаудың бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Бұланды, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың,  Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Степногорск, Көкшетау қаласы және Көкшетау қаласы Абай атындағы № 3 мамандандырылған мектеп - интернатынан 50-қа тарта  қатысушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Байқау қатысушыларының жұмысын Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» тарих және археологиялық ескерткіштерді қорғау бөлімінің бөлім меңгерушісі Сарсекова Гаухар Балапановна, өлкетанушы, «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» бас маманы Шамиғанова Гүлден Өмірқалиқызы, Бурабай кентінің тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі Салтанат Жетпісбаевна және Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Шахметов Жасұлан Еслямбекұлы бағалады.

Байқау 3 номинация бойынша өткізілді: «Жергілікті туризм» - бұл номинацияда қатысушылар - білім беру мекемесінде оқып жүргенде орындалған, өлкетанушылық немесе ізденушілік-зерттеушілік жұмыстың тәжірибесін өзекті қылуға болатын, туристтік немесе экскурсиялық бағытты жасау қабілетін бағалауға болатын шығармашылық сипаттағы жұмыстарын ұсынды.

«Аудан тарихында өз іздерін қалдырғандар» - бұл номинацияда байқау қатысушылары – меншік нысаны мен өмір сүру уақытына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларының өмірі мен қызметі туралы, өз еңбектері үшін үкіметтік наградалар мен құрметті атақтар алған адамдар туралы ауданының, облыстың, республикасының дамуына қосқан үлесі туралы зерттеу жұмыстарын ұсынды.

 «Ескерткіштер – ел тарихы» - номинация бойынша қатысушылар Қазақстанның өткенінен сыр шертер тарихи ескерткіштер – елдің, халықтың мәдени мұрасының өшпес құнды бөлігі. Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер - ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұрасы ескерткіштер туралы жобаларын қорғады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

«Жергілікті туризм»

1 – орын Адильбекқызы Аружан (Көкшетау қаласы № 3 Абай атын.ДБАМОМИ);

2 – орын Мухопадова София (Сандықтау ауданы);

2 – орын Мұхтар Әліби (Қорғалжын ауданы);

3 – орын Ерболат Темірлан (Біржан сал ауданы);

3 – орын Арапиев Адам (Бурабай ауданы).

«Аудан тарихында өз іздерін қалдырғандар»

1 – орын Ханат Оразалы (Астрахан ауданы);

2 – орын Ержанова Айым (Қосшы қаласы);

2 – орын Гармашова Александра (Атбасар ауданы);

3 – орын Уайс Нұргүл (Зеренді ауданы);

3 – орын Көпжасаров Амангелді (Есіл ауданы).

«Ескерткіштер – ел тарихы»

1 – орын Қайратова Каусар (Егіндікөл ауданы);

2 – орын Умарова Ұлжан (Целиноград ауданы);

2 – орын Акматова Айназик (Көкшетау қаласы);

3 – орын Камышанская Виктория (Жарқайың ауданы);

3 – орын Бақытбек Назым (Шортанды ауданы).

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст