«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2022 жылдың 12-14 сәуір күндері аралығында Бурабай ауданының Қатракөл ауылшаруашылық колледжінде "Ұлттық мектеп лигасы "бағдарламасындағы 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында Тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Аталған жарысқа облысымыздың он ауданынан 16 команда 64 оқушы қатысты. Жарыс нәтижесінде жүлделі орындарды келесі аудандар иеленді, 7-8 сыныптар арасында І- орынды Көкшетау қаласы иеленді. ІІ- орын Бурабай ауданында. ІІІ-орын Шортанды ауданында.9-11 сыныптарда І- орынды Целиноград ауданы иеленді.ІІ-орында Көкшетау қаласы. ІІІ - жүлделі орында бурабай ауданы. Барлық жүлдегерлер диплом,Грамота,кубоктармен және құнды силықтармен марапатталды. Жарыстан басқа колледж әкімшілігі балаларға мұражайға, зертханаға, сыныптарға экскурсия жасап колледждің ішкі өмірімен және колледжде оқытылатын мамандықтар мен таныстырды. Одан басқа ағаш арсымен көл жағасына жаяу серуен ұйымдастырылды, оқушылар сергіп, таза ауада дем алып , жақсы әсермен үйлеріне оралды.