«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2019 жылғы 14 маусым күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Ақмола облысы білім басқарамасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ұйымдастырумын Көкшетау қаласының №11ОМГ, №16ОМ және Ақкөл қаласының балалар шығармашылық үйінің көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының оқушыларына ел тарихы мен мәдениетінен толығырақ мағлұмат беру мақсатында Бурабай курорттық аймағына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Ондағы тәжірибелі гид тыңдаушыларға киелі де қасиетті Көкше жерінің, соның ішінде ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық музейі, Абылай ханның ордасы болған тарихы туралы, сондай-ақ бүгінде аттары аңызға айналған «Бурабай», «Жеке батыр», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» және «Көкшетау» тауларының ерекшеліктеріне тоқталды. Әрі қарай тыңдаушылар көрікті Көкшенің сұлу табиғатын тамашалап, жандарына рахат сыйлап қайтты.
Бүгінгідей естен кетпес экскурсия барлық тыңдаушылар үшін қазақ даласын одан әрі танып-білуге, олардың өз еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін оятып, патриоттық тәрбие берері анық.