«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бурабай курортты аймағының киелі жерлеріне танымдық саяхаты жалғасуда

28.06.2019

2019 жылдың26 маусым күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Ақмола облысы білім басқарамасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының №18 орта мектебінің көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының 41 оқушыларына және іс-шараларға белсенді қатысқан 9 оқушығаел тарихы мен мәдениетінен толығырақ мағлұмат беру мақсатында Бурабай курорттық аймағына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Алдымен «Ботай-Бурабай» этнографиялық музейіне ат басын тіредік.Тәжірибелі гид балаларға киелі де қасиетті Көкше жерінің,соның ішінде ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық музейінің маңызы мен ерекшелігі туралы жан-жақты тоқталып балаларға қызықты мағлұмат берді. Орталық тұрғын-үй, рухани-киелі тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени тұрғын үй, тынығу тұрғын үйі, әкімшілік кіру тұрғын үйі, үй кәсіпшілігі тұрғын үй  түрлері туралы жеке-жеке баяндап шықты.

Одан ары біздің саяхатымыз Абылай ханның асуына жалғасты.  Абылай ханның ордасының тарихы туралы, сондай-ақ аттары аңызға айналған «Бурабай», «Жеке батыр»және «Көкшетау» тауларының шығу тарихы мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті.Иманай сарқырамасында аялдап, табиғатты тамашаладық. Абылай хан алаңына дейін жаяу жүріп, алаңдағы Абылай ханның тағын айналып тілегімізді білдірдік. Тәжірибелі гид «Оқжетпес», «Жұмбақтас» тауларының да шығу тарихын әңгімеледі.Балалар алғаш рет Бөлек тауға шығып, көрікті Көкшенің сұлу табиғатын жоғарыдан тамашалап, ерекше әсер алды.

Әсіресе, біздің балаларға мұражай мен зообақ ұнады. Этноауылға барып қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен, тағамдарымен танысып, алтыбақан теуіп,естелікке суретке түсіп мәре-сәре болды. Естен кетпес саяхатбалаларды туған елін, жерін сүюге, патриоттық сезімдеріне тәрбиелейді.

 

 

             

 

             

Просмотров: 680


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст