«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының киелі жерлері бойынша РФ этникалық қазақтарына арналған экскурсиялық тур

26.07.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Айналайын, Атамекен!» атты арнайы жобасын іске асыру мақсатында Ақмола облысының білім басқармасы және  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы  2019 жылдың 21-24 шілде күндері «Звездный» балалар сауықтыру лагері базасында Ақмола облысының киелі жерлері бойынша РФ этникалық қазақтарына арналған тур ұйымдастырды.

Бағдарламаның мақсаты - жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді қалыптастыру.

  Ресей Федерациясының Омбы мен Түмен облыстарынан барлығы 18 оқушы келіп, Ақмола өңірінің киелі жерлерін аралап, өңірдің тарихымен тереңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.

РФ Омбы мен Түмен облыстарының делегациясын Щучинск қаласының автовокзалынан қарсы алдық. Оларға арнап қызықты әрі түрлі іс-шараларға толы бағдарлама әзірленді.

 Бірінші күні Бурабай баурайындағы ашық аспан астындағы «Бурабай-Ботай» археологиялық-этнографиялық музейіне бардық. Қонақтар музейдің экскурсоводы Сәкен Қайыржановтың көмегімен кешенді аралап, ондағы әр бөлменің тарихымен танысып шықты. Бұл жолғы сапарымыз өте әсерлі әрі есте қаларлықтай болды.

Келесі сапарымыз аудандағы этноауылда жалғасын тапты. Этноауылда қазақ халқының киіз үйін,  ішкі көрінісі мен жабдықтарын тамашалап, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.  Кешке таман  жалпы қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ән шырқалып, түрлі тілектер айтылды. Түмен облысының қонағы Азиза Ауғалиева қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай жолданған эстафетаны  Ақмола облысының білім басқармасынан қабыл алып, Түмен  облысы қазақтарының ұлттық және мәдени автономисяна жолдады.

Екінші күні Көкшетау қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Саяхатымыз Мәңгі алаудан басталып, тарихи-өлкетану мұражайына, полиция департаментінің мұражайына жалғасты. Мұражайда өлке жайлы білімдерін толықтырып, жаңадан көптеген қызықты ақпараттар алды.  Сондай-ақ бақылау алаңында қаланың  көрінісін тамашалады.

Бұл күні Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ерекше кездесу өтті. Омбы делегациясының жетекшісі Шолпан Сексенбаева: «Біздің мектепте тек қазақ тілі оқытылып қана қоймай, біз ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүрімізді, би өнерін, музыкамызды зерттеп, зерделеп отырамыз. Қазақ ұлтымен байланысты дүниелерге үлкен мән береміз. Ал, енді, осы сапардан біз өзімізге жақсы әсер алып отырмыз. Саяхатымыз әсіресе, балаларға ұнап отыр. Біз ел тарихына қоса, қала тарихына қанығып, облыстың қалыптасыуымен таныстық. Бағдарлама өте мазмұнды құрылған екен. Балалар ел тарихы жайлы көп мағлұмат алды деп ойлаймын. Елімізге жақсы әсермен оралатын болдық. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»-деп алғысын білдірді.

Кездесу барысында шетелден келген қонақтарға өңір тарихынан сыр шертетін кітаптар сыйға тартылды.  

 Сонымен қатар, Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясының ұжымымен көршілес Ресейде тұратын этникалық қазақтар, оның ішінде мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Қоғамдық бірлестік өкілдері мен «Мәншүк» клубының қатысушылары қонақтарды дәстүрлі ән шашумен қарсы алды. Қоғамдық келісім үйінің қызметкерлері тарихы терең өлкенің табиғатын, өнерін, тарихын, мәдениетін және осы ғимаратта орналасқан этно-мәдени бірлестіктерге танымдық экскурсия өткізді.     Кездесу барысында қонақтарға Ақмола облысының табиғаты жайлы кітап сыйға тарту етілді. Меймандар да өз кезегінде естелікке кәдесыйларын табыстады.  Бұл күнгі сапар өте танымды болды.

Ал үшінші күні қонақтар Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан 7 залдан, 8 қабаттан тұратын Ұлттық мұражайында Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихымен танысты. Тұңғыш президент кітапхана қорына танымдық саяхат жасалды. Бәйтеректі, Атырау облысының Астана қаласының 20 жылдығына тарту еткен көпірді тамашалап, ерекше әсерде болды.

 Келесі күні Щучье-Бурабай курорттық аймағына танымдық экскурсия жасалды. Табиғат мұражайына, визит орталығына, Абылай хан алаңына, Хан асуына барып, тамаша табиғат көріністерін тамашалады. Бөлек таудың шыңына шығып, таңданыстарын жасыра алмады. Естелікке суреттерге түсті.   

Қазақ диаспорасының өкілдері төрт күн бойы Бурабай мен Көкшетаудың және Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысып, көрнекті жерлерін аралады. Бұл бағдарлама екі елдің ынтымақтастығын, достығын нығайтатына сенеміз.

 

  

  

 

  

 

Просмотров: 579


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст