«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ағымдағы жылдың 22-26 шілде аралығында "Звездный" БСО базасында Көкшетау қаласының мектептері мен колледждерінің 23 оқушыларының қатысуымен "Бір апта ауылда"әлеуметтік жобасы өткізілді. Жоба бағдарламасын жүзеге асыру барысында 23 шілде күні қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласына шолу экскурсиясын жасады, оның барысында ҚР Ұлттық музейі, Астана символы – Бәйтерек, Хазірет Сұлтан мешіті, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы мен кітапханасына барып, қала күніне Атырау облысы сыйлаған көпірге барды.
24 шілдеде оқушылары Ш. Уәлиханов атындағы кадет корпусының қонағы болды, экскурсия барысында оқу корпустары, кітапхана, мұражай корпусы, кадеттерді оқытатын, пайдаланылатын оқу техникасы мен жаттығу құрылғыларымен танысты.
Бұдан әрі жобаға қатысушыларды Бурабай көрікті жерлерімен таныстырды: ашық аспан астындағы "Ботай-Бурабай" мұражай, Абылай хан алаңы, Табиғат мұражайы.
25 шілдеде жобаға қатысушылар Бурабай ауданының Кенесары ауылында орналасқан "Беке" шаруа қожалығының қонақтары болды. Балаларға бұзаулар орналастырылған мал шаруашылығы кешені көрсетілді,сонымен қатар балаларға арналған атпен серуендеу ұйымдастырылды. Содан кейін Бөлектау тауына көтерілді.
Одан әрі оқушылар "Жайлау" этноауылымен танысты, онда қазақ халқының өмірінен кейбір дәстүрлер ұсынылды. Одан әрі Кенесары ханның үңгіріне саяхат жасалды.
Осы күні кешке қатысушылар қамырмен жұмыс істей білуді, бауырсақ жасап, дастрахан жаюды көрсете білді.
Кеш соңында от ошағын жағып., оның барысында сүйікті әндері орындалды,балалар көргендерден алған әсерлерімен бөлісті.
26 шілдеде жобаның қорытындысын шығару шеңберінде балаларға эссе жазу ұсынылды, онда олар жоба іс-шараларынан алған әсерлері мен эмоциялары туралы айтып қана қоймай, жобаны одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізуге мүмкіндік берілді. Соңында қатысушыларға жоба қатысушыларының сертификаттары табыс етілді.