«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының Зеренді және Сандықтау аудандары бойынша туристік жорық

29.07.2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген "Көкше-2019" жаяу жүргіншілер туризмі бойынша ашық облыстық туриада туралы ереже негізінде Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2019 жылдың 20-26 шілдесі аралығында Исаковка – Большетюкті сарқырамасы (Әулие бұлақ) – Кіші сарқырама – Гребень шоқысы – түкті өзенінің бастауы – Айдабол ауылы – сарымсақты өзені – Ақтас ауылы – Қарағай сарқырамасы – Құндыкөл ауылы–Айдаһар үңгірі–Жыланды шоқысы–"Өмір суы" сарқырамасы – Қарсақ ауылы – Балбалы – артезиан құдығы – Бәйтерек ауылы – Коровье көлі – Кр.Кардон ауылы –Түлкітау- Тасбақа жартасы- Акула жағы жартасы- Дәу саңырауқұлақ- «Кепка армянина» - «Искорка»  ДЛО,  ұзындығы 136 км Зеренді ауылы бағыты бойынша күндік бірінші күрделілік санатындағы туристік жорық ұйымдастырып, өткізді.

  

 

Жорыққа Көкшетау қаласының № 16, № 19 орта мектеп оқушылары, Зеренді және Қорғалжын аудандарынан 22 адам, сонымен қатар 4 топ жетекшісі қатысты.

Бұл бағыт алғаш рет әзірленіп өткізілді. Бұл тур алынған білімді жергілікті жерге бағдарлау, топография және төтенше жағдайларда өмір сүру бойынша барынша пайдалануды талап етті.

  

Балалар спорттық туризм, өлкетану және экология негіздерін білудің қиын емтиханын абыроймен орындады.

  

Таңқаларлық табиғи сұлулықтар бірнеше жорықтарға жетеді. Күн сайын жорыққа қатысушылар өз өлкесінің таңғажайып әдемі сарқырамалар, тау шыңдары, көлдердің айналы тегістігі,ғажайып жартастар, жұмбақ үңгірлер, өсімдіктер мен жан-жануарлардың сұлулығымен тамсанып, жаңа әлем ашқандай сезінді.

 

 

Просмотров: 668


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст