«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауы

13.05.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2022 жылдың 11-13 мамыр аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы,  экология және туризм колледждің базасында «Мен табиғатты танып білемін»  облыстық зерттеу жұмыстар байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты: зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру.

Облыстық байқауға Аршалы, Астрахан, Атбасар,  Бурабай, Бұланды, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Жақсы, Жарқайың,   Сандықтау,  Целиноград аудандарынан 37 оқушы қатысты.

Әділқазылар алқасының құрамына кірген педагогтар: Боссерт Юлия Сергеевна – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кіші ғылыми қызметкері, Рахматуллина Куанкүл Шәріпқызы - «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кіші ғылыми қызметкері, Молоткова Екатерина Владимровна Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы,  Сеитова Анар Каратаевна - Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы,  экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы, Ермоленко Наталья Дмитриевна - Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы,  экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы, Данилов Александр Викторович - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының әдіскері.

Балалар туған өлкенің экологиялық жағдайын ашатын, жаһандық экологиялық проблемаларға назар аударуға және топырақты, жануарларды, өсімдіктерді, олардың биоалуантүрлілігін, экологиясын зерттеуге бағытталған зерттеу жұмыстарын ұсынды.

  «Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда» номинациясы:

5-7 сынып оқушылары арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын -  Адал Кербез, Целиноградский ауданы;

2 орын – Жуматай Таирхан, Сандықтау ауданы;

3 орын - Минилбаев Игорь, Атбасар ауданы.

 

8-11 сынып оқушылары арасында:

1 орын –  Ибрашева Жасмина, Жақсы ауданы;

          2 орын –  Бигожина Ляззат, Астрахан ауданы;

          3 орын  - Жұмажан Алмаз, Егіндікөл ауданы.

 

«Байқа, зертте, талда» номинациясы:

5-7 сынып оқушылары арасында:

1 орын -  Жанботақызы Жұлдызай, Целиноград ауданы;

2 орын – Кайратова Каусар, Егіндікөл ауданы;

3 орын - Қабдығалым Ислам, Зеренді ауданы.

                          

8-11 сынып оқушылары арасында:

3 орын - Козир Юлия, Сандықтау ауданы;

 

«Менің жерім қандай керемет!»  – сурет байқауы:

5-7 сынып оқушылары арасында:

1 орын -  Житниковский Владислав, Зеренді ауданы;

           2 орын – Есетова Амина, Атбасар ауданы;

               Платонова Кристина, Сандықтау ауданы;

3 орын - Адильшинова Нұрайлым, Жақсы ауданы.

 

8-11 сынып оқушылары арасында:

1 орын -  Мұрат Аяулым, Целиноград ауданы;

           2 орын – Тайман Жұлдыз, Целиноград ауданы;

3 орын - Сухомяткина Милана, Сандықтау ауданы.

 Ынталандыру сыйлығы: Каргаполов Максим, Есіл ауданы.

Облыстық Байқаудың  жеңімпаздарына дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер Орталықтың алғыс хатымен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст