«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2019 жылдың 14-16 тамыз аралығында Бурабай ауданының Қатаркөл көлінде «Звездный» БСО базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін арнайы «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының II - ші облыстық кезеңі өткізілді.
Мақсаттары мен міндеттері:
- балалар-жасөспірімдер, жастар туризмін дамыту;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- жастардың азаматтық және қазақстандық патриотизм негіздерін тәрбиелеу;
- экологиялық-білім беру және жалпы мәдени деңгейін арттыру;
-туристік-өлкетану дайындығы мен спорттық шеберлік деңгейін жақсарту;
-балалар-жасөспірімдер және ішкі туризмді дамыту принциптерін бөлісетін мүдделі департаменттер мен басқармалардың жұмысын үйлестіру.
Іс-шара «Менің Отаным Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 61 Қаулысы негізінде өткізілді.
«Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының II - ші облыстық кезеңіне экспедицияның аудандық кезеңінің жеңімпаздары 5 адамнан тұратын командалар қатысты. Командалар саны-24, қатысушылар саны-121 адам және 25 команда өкілдері мен жетекшілері.
Жарысқа Ақкөл, Сандықтау, Біржан Сал аудандарынан, Зеренді, Целиноград аудандарынан және облыстық білім басқармасының жанындағы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығынан (әрі қарай ОБЖТӨжЭ) 3 команда қатысты. 2 командадан Жақсы және Атбасар аудандарынан, 1 командадан Бурабай ауданы мен Степногорск қ. қатысты.
"Визит карточкасы" номинациясында бірінші орынды Біржан Сал ауданының командасы, екінші орынды Жақсы ауданының командасы, үшінші орынды Целиноград ауданының командасы иеленді.
Өлкетану блогында бірінші орынды Біржан Сал ауданының командасы, екінші орынды Бурабай ауданының командасы, үшінші орынды Степногорск қаласының командасы иеленді.
Экологиялық блокта бірінші орынды Біржан Сал ауданының командасы, екінші орынды Сандықтау ауданының командасы, үшінші орынды Степногорск қаласының командасы иеленді.
Спорттық-туристік блокта бірінші орынды Зеренді ауданының командасы, екінші орынды ОЦДЮТКиЭ командасы, үшінші орынды Ақкөл ауданының командасы иеленді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Біржан Сал ауданының командасы, екінші орынды Сандықтау ауданының командасы, үшінші орынды Целиноград ауданының командасы иеленді.
Барлық командалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен (шатырлар, рюкзактар, карематтар) марапатталды.
Сонымен қатар, туристік әндер, ұлттық салт-дәстүрлер, үздік бивуак байқауының жеңімпаздары марапатталды.