«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Р.Есенберлиннің 105 – жылдығына арналған «Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің облыстық байқауы

23.05.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2022 жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақмола облысы мектеп дамыту бағдарламасы» жобасын іске асыру барысында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында музейлердің облыстық байқауын Атбасар ауданы Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектепте өткізді.

 Облыстық байқау «Музей тарихы», «Ең үздік музей экскурсоводы», «Бір жәдігер тарихы» номинациялары бойынша өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты: туған өлкенің тарихына, халықтың еңбек және жауынгерлік ерліктеріне құрмет, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті қалыптастыру, білім беру мекемелерінің музей жұмысына озық тәжірибені насихаттау мен тарату, оқушылармен музей практикасындағы жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану мен дамытуда ынталандыру. Мектеп музейлерінің ғылыми – зерттеу, ғылыми – ағарту қызметін одан әрі жетілдіру, туған өлкенің тарихын одан әрі зерттеуге бағытталған іздеу – жинау жұмыстарын жандандыру.

Облыстық байқауға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары, Көкшетау қаласы және Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 35 оқушы қатысты.

Байқаудың салтанатты ашылуы Атбасар ауданы Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектепте өтті.

Байқаудың бірінші күні қатысушылар үшін Сейтжан Омаров атындағы Атбасар ауданы білім бөлімінің музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейінің ұйымдастыруымен байқау қатысушыларына 18 мамыр халықаралық музей күніне арналған театрландырылған сахналық көрініс қойылды, І.Есенберлиннің музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды және іс – шара соңында барлық оқушыларға балмұздақтар таратты.

Байқаудың екінші күні қатысушылар жоғарыда айтылған барлық номинациялар бойынша өздері дайындаған жобаларын, музей экспонаттарын, слайдтарын қорғады.

Байқау қатысушыларының жұмыстарын әділ бағалау үшін І.Есенберлин атындағы әдебиет музейінің меңгерушісі Ұлболсын Даниярқызы Комбатурова, Атбасар қаласының тарихи – өлкетану музейінің экскурсоводы Альжанова Гүлшат Серікқызы және орталықтың әдіскері Данилов Александр Викторович байқау қатысушыларының жұмыстарын бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша таласты да қызықты тартыста жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.

«Музей тарихы» номинациясы бойынша:

1 орын - Майканова Дильназ (Бурабай ауданы);

2 орын –Каримов Алишер (Атбасар ауданы);

2 орын –Задорожная Виктория (Сандықтау ауданы);

3 орын –Муратбекова Ботанай (Астрахан ауданы);

3 орын –Дүйсембек Ақерке (Зеренді ауданы).

«Ең үздік музей экскурсоводы» номинациясы бойынша:

1 орын– Найзабекова Арай (Жарқайың ауданы);

         1 орын – Луцкая Камилла (Сандықтау ауданы);

         2 орын –Альтерготт Александр (Жақсы ауданы);

         2 орын–  Тұрсынғали Ұлпан (Зеренді ауданы);

         3 орын – Марченко Дарья (Ақкөл ауданы);

         3 орын– Өмірзақова Ақерке (Целиноград ауданы).

«Бір жәдігер тарихы» номинациясы:

         1 орын – Сильбекова Наргиз (Көкшетау қаласы);

         2 орын – Байболсынова Гульмира (Целиноград ауданы);

         2 орын– Адильбекова Айткуль (Астрахан ауданы);

         3 орын–  Амброс Каролина (Атбасар ауданы);

         3 орын– Темірғали Мөлдір (Бұланды ауданы).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды, ал қалған қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттар берілді.

Просмотров: 235

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст