«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығымен 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Жастар жылына арналған «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны жарияланды.
Науқан барысында Ақмола облысының білім беру ұйымдары 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызды, гүлзарлар отырғызылды, мектеп аулалары абаттандырылды. Науқанға 22 мыңнан астам педагог пен оқушылар қатысты. Осындай аудандар белсенділік танытты: Аршалы, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандары, Көкшетау, Степногорск қалалары және Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ерекше белсене қатысты. Мектептен басқа акцияға 14 колледж және 44 мектепке дейінгі мекеме қатысты..
Ұсынылған ақпарат, фото және бейне материалдар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ең «жасыл» мектеп
1 орын -Степногорск қ., №3 көп бейінді мектеп лицейі;
2 орын - Аршалы ауданының И.Құтпанұлы атындағы орта мектебі;
3 орын -Щучинск қ., №2 орта мектебі,
Степногорск қ., Ақсу к., №2 орта мектебі.
Ең «жасыл» балабақша
1 орын - Степногорск қ., №4 «Арман» балабақшасы;
2 орын - Атбасар ауданының № 4 «Еркежан» балабақшасы;
3 орын - Жақсы ауданының «Дән» балабақшасы.
Ең «жасыл» колледж
1 орын - Ерейментау ауданының №8 агротехникалық колледжі;
2 орын - Щучье қ., экология және орман шаруашылығы колледжі;
3 орын - Степногорск қ., индустриалдық-техникалық колледжі.
Ең «жасыл» аудан
1 орын - Степногорск қаласы;
2 орын - Жақсы ауданы;
3 орын - Атбасар ауданы.
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен естелік сыйлықтар 2019 жылы 25-27 қазанда «Звездный» БСО базасында (Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы) өтетін жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер облыстық форумында беріледі.