«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2022 жылдың 7-9 маусым күндері қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді.
Форумның басты мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысының намысын біздің Орталықпен өткізілген облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады.
Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1.«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» - 3D атласын жасау;
2. «Zhasyl El» - зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Экотеатр» - экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;
4. «Eko-Bolashak» номинациясы атқарылған экологиялық мәселелер туралы бейнероликтер байқауы;
5. «GREEN OASES» - ландшафтық жобалар байқауы;
6. «Туған өлкенің бояулары» - электрондық экологиялық ашық хат.
«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша Аршалы ауданы И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Түменбай Айшабибі өз өлкесінің барлық ботаникалық, анатомиялық ерекшеліктерін көрсете отырып флора мен фаунаның 3-D атласымен таныстырып шықты.
«Zhasyl El» номинациясы бойынша Аршалы ауданы И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Хусайн Шахизат және Бурабай ауданы Щучинск қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Фрик Екатерина экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану, инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау туралы зерттеу жобаларын қорғады.
«Экотеатр» номинациясы бойынша Аршалы ауданы И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Тәжімұрат Жанель, Азденбаева Алуа, Баян Алдияр, Берикбол Темірлан экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтерін ұсынды.
«Eko-Bolashak» номинациясы бойынша Жақсы ауданы Қима ауылының жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі Лайдина Вероника өз өлкесінде көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер бойынша бейнероликтер байқауына қатысты.
«GREEN OASES» ландшафтық жобалар байқауы бойынша Аршалы ауданы И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Заит Бейбарыс мектеп ауласының, ландшафттық дизайнын ұсынды.
«Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша Зеренді ауданы Ақкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Житниковская Виктория графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық экологиялық ашық хатын ұсынды.
Республикалық форум нәтижелерін салтанатты түрде жариялау 13 маусым күні онлайн-режимде өтті. Кәсіби қазылар алқасы, оның құрамына осы бағытқа байланысты мамандар кірді, ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, форум жеңімпаздарын жариялады.
Республикалық форумның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Zhasyl El» номинациясы - Бурабай ауданы Щучинск қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Фрик Екатерина 1 орынға ие болды.
«Туған өлкенің бояулары» номинациясы - Зеренді ауданы Ақкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Житниковская Виктория 1 орын алды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.