«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкше сапары» далалық экспедициясы

24.06.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2022 жылдың 21-24 маусым аралығында Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауылшаруашылық колледжінің аумағында «Көкше сапары» далалық экспедициясын өткізді.

Экспедицияның мақсаты: оқушыларды далалық жағдайында өз өмірін жайластыруға үйрету және экологияны, өлкетануды зерттеуге баулу, туристік дағдыларды дамыту, кәсіптік бағдарлау, облыстың дарынды оқушыларын экология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларының байқауына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 

Экспедицияға Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының экологиялық бағытындағы облыстық іс-шараларының жеңімпаздары 30 бала қатысты.

«Экспедиция» термині латынның «expeditio» сөзінен шыққан, ол іс жүзінде «жорық», «саяхат» деп аударылады. Бұл ғылыми, зерттеу немесе білім беру мақсатымен жүзеге асырылатын нақты саяхат болып табылады.

Далалық экспедицияны орталық «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізді. Экспедиция барысында қатысушылар колледждің аумағындағы орманның флорасын, фаунасын, рельефін, топырағын және т.б. зерттеп, талдау жұмыстарын жүргізді.  

Бірінші күні далалық экспедицияның ашылуы салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар қатысушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылды және семинар-практикум  өтті. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кіші ғылыми қызметкері Ю.С.Боссерт парктің жұмысы туралы  жан-жақты мәліметтер беріп, парктің флорасы, фаунасы туралы әңгімеледі. Қазіргі уақыттың маңызды және өзекті тақырыбы – қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесіне арналған «Бөлу және көбейту» экологиялық ойынында балалар білімдерін жан-жақты көрсете білді.

Екінші күні Бурабай курорттық аумағына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар Бурабайдың ғажап табиғатын тамашалап, тарихы мен аңыздарымен танысып, керемет әсер алды.  Ал далалық тәжірибеде әр топ гербарий экспонаттарын жинап,  ормандағы ағаштардың түрлік құрамын, биіктігін зерделеді. Экологиялық квестте әр станциядағы тапсырмаларды орындап, «Орман біздің байлығымыз» тақырыбына суреттер салды.

Үшінші күні орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы А.К.Оспанова мен 2 курс студенті Косакович Олеся топырақ түрін, механикалық құрамын, топырақтың ылғалдылығын және топырақтан су сығындысын дайындау  жөнінде зерттеу жүргізді.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кіші ғылыми қызметкерлері Ю.С.Боссерт пен С.Ж.Балташева балалармен бірлесіп далалық тәжірибеде биогеоценоздарды кешенді зерттеді, яғни табиғи-аумақтық кешенін, өсімдіктердің түрлік құрамын, жануарлардың түрлік құрамын анықтап, Қатаркөл көліне гидрологиялық зерттеу жүргізу жұмыстарын, оның ішінде деңгейін, температурасын анықтауды жүргізді. Балаларды жануарлар әлемімен таныстыра отырып, фото қақпан қалай құрылатынын көрсетіп түсіндірді. Далалық экспедиция кезінде балалар бақылау күнделігін толтырды.

Балалар үшін ұйымдастырылған экологиялық эстафета қызықты да тартысты өтті.

Төртінші күні әр топ экспедиция нәтижелерін рәсімдеп, өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады және далалық экспедицияның қорытындысы шығарылды. Бұл зерттеу жұмысы балаларға ұнады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Зерттеу жұмыстарын табысты әрі қызықты өткізуге қолдау көрсеткені үшін парк қызметкерлеріне   алғысымыз шексіз.

 

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст