«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Жас зерттеуші-өлкетанушылар фестивалі
Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағытындағы «Тарих мұрасы» және «Жас өлкетанушылардың шағын академиясы» жобаларын іске асыру барысында Ақмола облысының жас зерттеуші-өлкетанушылар фестивалін өткізді. Фестиваль барысында «Туған өлкенің туристтік-өлкетанушылық мүмкіндіктері» және «Қазақстан – менің болашағым» облыстық жобалар байқаулары, жас экскурсия жүргізушілері байқауы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: жастар арасында Ақмола облысының туристтік қорын жарнамалау, оқушыларды туған өлкені зерттеуге қызықтыру, оларға өлкетанушылық жобаларды іске асыру бойынша білім мен қабілеттерді беру, оқушылардың шағын Отандарын жетілдіруге деген белсенді ұстанымдарын қалымптастыру, облыстағы білім беру мекемелерінде өлкетанушылық жұмысты ұйымдастыру деңгейін арттыру.
Байқауларға Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Бұланды, Целиноград, Атбасар, Шортанды, есіл аудандарынан және Көкшетау қаласынан 75 қатысушы қатысты.
Фестиваль ашылуы Бурабай ауданы Қатаркөл аулындағы «Звездный» БСО-да өтті. Фестивальдік ашылу салтанатын Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов атындағы ОМ оқушылары өкізді. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экологиясы орталығының директорының орынбасары Лейла Кенжебайқызы фестиваль делегаттарына, байқаулардың қатысушыларына құттықтау сөздерін айтты.
Байқаулар фестивальдің ашылу салтанатынан кейін бірден басталып кетті. Бірінші күні қатысушылар «Туған өлкенің туристтік-өлкетанушылық мүмкіндіктері» жобалар байқауы бойынша жарысты. Қатысушыларымыздың жұмыстарын әділ бағалау үшін облысымыздың мектеп мұғалімдерін, және ұзақ жылдар бойы тарих және өлкетанумен айналысып жүрген музей қызметкерлерін шақырдық.
Фестиваль ашылғаннан кейін іс-шараның конкурстық бөлімі басталды. Бірінші күні қатысушылар «Туған өлкенің туристтік-өлкетанушылық мүмкіндіктері» атты жобалар байқауында сайысқа түсті. Қатысушылардың жұмыстарын объективті бағалау үшін біз облыс мектептерінің оқытушыларын, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы тарих және өлкетану жұмыстарымен айналысатын мұражайлардың қызметкерлерін шақырдық.
Атбасар ауданынан келген қыз Громова Мария өте қызықты және мұқият дайындалды. Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының пайда болу тарихы туралы айтып, туған өлкесі бойынша жақсы жолсілтеме жасады. Екінші орынды Жақсы ауданының оқушысы Алешин Иван иеленді.
«Қазақстан-менің болашағым» жобалар байқауы оқушылар жобасынан басталды. Оқушылардың жеке жобасында әр түрлі жұмыстар болды. Балалар туған өлкенің сұлулығын жырлап қана қоймай, оны өз жобаларында көрсетті, сонымен қатар өз отбасы мен ата-бабаларының тарихы туралы айтып,олардың тарихын ел тарихымен байланыстыра отырып, туған ауылында туризмді дамыту туралы армандады. Есіл ауданы Назгүл Канашева мен Рината Уразметова «Легенды Приишимья» атты жобаны ұсынды. Олардың жобасы барлығына ұнады және қазылар алқасы олардың жұмысын бағалап, бірінші орынға ие болды. Ал келесі «Отан неден басталады...» номинациясында тек бір үміткер Атбасар ауданынан Ержанова Альмира мен Петренко Данила болды. Жас экскурсоводтар өздерінің кіші Отанының тамаша бұрыштары бойынша мұражайларға қызықты экскурсия өткізді.
Екінші күні фестиваль қатысушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсиядан кейін олар эссе жазып, өздерінің ойларын қағаз бетіне түсірді.
Фестиваль аяқталып, жеңімпаздар дипломдар мен құнды сыйлықтарға ие болды, ал қалған қатысушыларға сертификаттар, қатысушыларды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар берілді.