«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің байқауы

08.10.2019

Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы 2019 жылдың 03-05 қазан күндері аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақмола облысы мектеп дамыту бағдарламасы» жобаларын іске асыру барысында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында музейлер байқауын өткізді. Байқау барысында «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Музей тарихы», «Ең үздік музей экскурсоводы», «Бір жәдігер тарихы», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты номинациялардан өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: туған өлкенің тарихына, халықтың еңбек және жауынгерлік ерліктеріне құрмет, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті қалыптастыру, білім беру мекемелерінің музей жұмысына озық тәжірибені насихаттау мен тарату, оқушылармен музей практикасындағы жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану мен дамытуда ынталандыру. Мектеп музейлерінің ғылыми – зерттеу, ғылыми – ағарту қызметін одан әрі жетілдіру, туған өлкенің тарихын одан әрі зерттеуге бағытталған іздеу – жинау жұмыстарын жандандыру.

Облыстық байқауларға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау,  Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды және Көкшетау,Степногорск  қалаларынан 110 қатысушы қатысты.

Байқау  ашылуы Бурабай ауданы Қатаркөл аулындағы «Звездный» БСО-да өтті. Байқаудың  ашылу салтанатын Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов атындағы ОМ оқушылары өткізді. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экологиясы орталығының директорының орынбасары Лейла Кенжебайқызы облыстық байқаулардың қатысушыларына құттықтап сөз сөйледі.

     

Байқау ашылу салтанатынан кейін бірден басталып кетті. Бірінші күні қатысушылар жоғарыда айтылған барлық номинациялар бойынша өздері дайындаған жобаларын, музей экспонаттарын, слайдтарын қорғады. Байқау қатысушыларының жұмыстарын әділ бағалау үшін Көкшетау қаласының өлкетану музейнің ғылыми қызметкері Күнсұлу Меңдібайқызы, Щучинск қаласының өлкетану музейінің меңгерушісі Гүлден Өмірғалиқызы, Бурабай кенті өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Әсемгүл Асқарқызы, Көкшетау қаласы жоғары медициналық колледжінің музей меңгерушісі Разия Қуандыққызы, Астрахан ауданы балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру мұғалімі Раиса Қабдуаллетқызы және орталықтың әдіскері Жұлдыз Тұрсынбекқызы шақырдық.

Байқаудың бірінші күні аудандардан келген мектеп музейлерінің жеткешілеріне арналған семинар өтті. Семинарда облысымыздың білім беру ұйымдарындағы музейлердің бүгінгі күндегі негізгі мәселелері қаралып оны шешу жолдары қарастырылды. Семинар барсында мектеп музейлерін төлқұжаттау бойынша Көкшетау қаласының өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Күнсұлу Меңдібайқызы толық ақпарат берді. Жақсы ауданы Запарожие орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ілия Серікұлы мектеп музейлерін сандық форматтқа көшіру жолдары туралы баяндама оқыды. 

«Бір жәдігер тарихы» номинациясында Бұланды ауданынан келген Жалғасов Дидар «Атадан қалған асыл мұра» тақырыбында Балуан Шолақтың өз қолымен жасалған құды асыл қазына домырасы мен жайнамазын көрсетті.

   

 

Байқаудың екінші күні байқау бағдарламасы бойынша барлық қатысушылар «Круиз» тур фирмасы ұсынған жайлы автобустармен Целиноград ауданы Қосшы ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалдық музей кешеніне танымдық экскурсияға барды. «АЛЖИР» музейінің қызметкерлері Кеңес үкіметінің сұрапыл саясатының жаладан жаза тартқан әйелдердің лагердің қабырғасында қалай қиын ауыр күн кешкендері туралы толық ақпарат берді. Экскурсия соңында «Лютый холод АЛЖИРа» деген деректі фильім көрді.

             

      Байқау қортындысы бойынша таластыда – қызықты тартыста жалпы командалық есептер бойынша орындар төмендегідей бөлінді. Жалпы командалық 3 орынды Көкшетау қаласының № 6 орта мектеп – лицейінің оқушылары, 2 орын Атбасар ауданының оқушылары, 1 орын Бұланды ауданынан келген оқушылар иеленді.

             

Байқау аяқталған соң барлық  жеңімпаздар  Ақмола облысы білім басқармасының 1,2,3 дәрежелі  дипломдар мен құнды сыйлықтармен, ал қалған қатысушыларға сертификаттар, қатысушыларды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар берілді.

 

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст