«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогтардың экологиялық құзыреттілігін арттыру» облыстық семинары

21.09.2022

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжісінің базасында 2022 жылдың 20-21 қыркүйек күндері  Ақмола облысы білім бөлімдерінің экологиялық бағытқа жетекшілік ететін әдіскерлері мен экологиялық үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Педагогтардың экологиялық құзыреттілігін арттыру» облыстық семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты:

- сананы, экологиялық сауаттылықты, экологиялық тәрбие туралы білімді қалыптастыру жолдарын ұсыну;

- экологиялық тәртіпті қалыптастыратын салалардың қолжетімділігін арттыру, экологиялық үйірмелер жұмысы мен пәндер арқылы білім беру;

- балалардың назарын экологиялық проблемаларды жариялауға аудару, экологиялық проблемаларды шешудегі оң жұмыс тәжірибесін, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамаларды арттыру.

  

 Экологиялық білім - уақыт талабы. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеуде осы бағыттағы әр түрлі іс-шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін балаларға қосымша білім беру мекемелеріне ерекше рөл беріледі.

Бұл бағытта, жылдық жоспарға сәйкес, біздің орталық экологиялық білім беруді түрлі

 іс-шаралар арқылы жүзеге асырады. Бұл іс-шаралар балалардың экологиялық білімін жетілдіреді, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы басшысының м.а. Толуспаева Лейла Кенжебаевна кіріспе сөз сөйледі. Әдіскер Ж.Т.Утебаева 2021-2022 оқу жылындағы экологиялық бағыттағы жұмысқа талдау жүргізді, сондай-ақ 2022-2023 жылдарға арналған орталықтың негізгі іс-шаралар жоспарын талқылады.

Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Елена Владимировна Гудзюк балалармен экологиялық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыста кейс –технологияны қолдану туралы айтып, мастер-класс өткізді.

Көкшетау қаласының №13 «Экос» мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Балтабай Камила Нұрғазықызы «Экология» курсы бойынша ақпараттық технологияларды қолдануын көрсетіп, АКТ қолдану тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс сілтемелерін ұсынды.

Саминардың екінші күні Зеренді ауданы Красный Кордон а. география пәнінің мұғалімі Соболев Андрей Владимирович және биология пәнінің мұғалімі Орлов Сергей Юрьевич орман биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдаланудағы «Орман кордоны» мектеп орман шаруашылығының рөлі туралы айтты.

Семинарға қатысушылар үшін экологиялық соқпақ–станциялар бойынша тапсырмаларды орындау өткізілді.

Семинар «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясымен аяқталды.

 

2022-2023 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыруға ұсыныстар жасалды:

1) Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының мектептерінде қосымша білім беру және экологиялық материалдармен бағдарламалық–әдістемелік қамтамасыз ету мазмұнын оңтайландыру;

2) Ақмола облысы аудандарының экологиялық карталарын әзірлеу;

3) ұйымдастырылған экскурсиялар, оқушылардың жорықтары арқылы Ақмола облысын зерделеу бойынша жұмысты жандандыру;

4) Ақмола облысы бойынша, оның ішінде Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сайты арқылы ақпараттық географиялық базаны жинау және экологиялық материалды жүйелеу;

5) экология бойынша жұмыста АКТ орындау.

Бүгінгі семинар әрбір педагогке экологиялық тәрбие мәселелеріндегі өзінің құзыреттілігін тексеруге және оны біршама арттыруға мүмкіндік береді; осы тақырып бойынша педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыру мақсатында түрлі қызмет түрлерін пайдалану тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 207

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст