«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2022 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті қашықтық форматында өткізілді.
Слетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарға азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слетке Қазақстанның он жеті облысы және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 20 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 170 адам.
Слет қорытындысы бойынша «Жас өлкетанушы» номинациясының «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» бағыты бойынша Есіл ауданы Красивое а. ЖББМ 9 сынып оқушысы Палагняк Диана 2 орынға ие болды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.