«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЭКОөмір» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы

12.10.2022

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 11-13 қазан күндері Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және АӘжТД орталығы ZOOM платформасы бойынша «ЭКОөмір» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізді.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан,  Біржан сал, Бурабай,  Бұланды, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан 108 бала қатысты.

         Қазылар алқасы мүшелері ретінде Біржан сал Бұланды а. биология пәнінің мұғалімі Смайлова Бикеш Сағиқызы,  Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің әдіскері, биология пәнінің оқытушысы; Бурабай ауданы    Ұрымқай а. жалпы білім беретін мектебінің  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елеманова Гүлжан Темірғалиқызы шақырылды.

 

                 Қатысушылар облыстық форумның 6 номинациясы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.

             1. «Ақмола облысының флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы – жас экологтардың 3D атласты қорғауы:

             1 орын – Түменбай Айшабибі,  Аршалы ауданы Жібек жолы а. И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;  

             2 орын –  Мироненко Дарья, Жарқайың ауданы Н.Крупская ат. жалпы орта білім беретін мектебінің   8 сынып оқушысы;

             3 орын –    Тлеубердинова Дарига, Ерейментау ауданы Бөгенбай батыр ат. мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.

2.  «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;

инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр бағыт бойынша 2 қатысушы).

1 орын –  Касаткин Иван, Атбасар қ. №2 жалпы орта білім беретін мектебінің   7 сынып оқушысы; 

2   орын –    Берестова Ксения, Көкшетау қ. №21 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

             3    орын -   Альмуратов Нұрасыл, Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебінің   7 сынып оқушысы.

          3.  «Eko-Bolashak» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы бойынша видеороликтер презентациясы:

1 орын  - Солодилова Анастасия, Сандықтау ауданы Максимовка а.  жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;

             2 орын - Светличная Виктория, , Жарқайың ауданы Н.Крупская ат. жалпы орта білім беретін мектебінің   11 сынып оқушысы;

             3 орын -   Адал Кербез,   Целиноград ауданы Қоянды а.жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.

             4. «GREEN OASES» номинациясы – ландшафтық жобалар байқауы, мектеп ауласының, балабақшаның немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық дизайны:

 1 орын –  Кучумова Айлин, Зеренді ауданы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 5 сынып оқушысы;      

             2 орын -   Майлыбаева Раяна, Бурабай ауданы С.Сейфуллин ат. жалпы орта білім беретін мектебінің   3сынып оқушысы;

3 орын -  Даравских Злата, Көкшетау қ. №21 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.

 5. «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен сырттай бейнероликтер байқауы:

         1 орын–  Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебі;          

2 орын - Аршалы ауданы Жібек жолы а. И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын -  Зеренді ауданы  Жалтыр а.жалпы орта білім беретін мектебі.

6. «Туған өлкенің бояулары» графикалық суреттердің сырттай байқауы  – электрондық экологиялық ашық хат:               

             1 орын- Тоқсанбаева Аяулым, Ерейментау ауданы Бөгенбай батыр ат. мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

2 орын – Есмағзам Ақерке,  Көкшетау қ. №21 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

             3 орын -  Төлепбай Қарақат, Целиноград ауданы Талапкер а.жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.

  

 

Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, жетекшілер мен  қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст