«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын жүзеге асыру аясында жыл сайын 2022 жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқаны өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жастарды ормандарды сақтау, қалпына келтіру және көбейту, қалалар мен аудандарды көгалдандыру, аумақты абаттандыру (көшеттер, гүлзарларды орналастыру, абаттандыру, жылыжайлар) ісіне жастарды тарту.
Міндеттері: табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелеу; табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу; экологиялық сауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; адамның жасампаз қызметіне деген құрметін және табиғатқа қатысты қиратушы іс-әрекеттің теріс қатынасын тәрбиелеу.
«Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты «жасыл» науқанына Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандарының мектептері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Зеренді ауданы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі, Егіндікөл ауданының агротехникалық колледжі, Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі қатысты.
Бұл байқауға Атбасар ауданының «Алтын бесік», «Қарлығаш» балабақшаларының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері, олардың ата-аналары да аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру науқанына белсенді қатысып, көптеген экологиялық іс-шараларды атқарған. Бүлдіршіндер өз балабақшасын жасыл желектермен көгалдандыруға үлкен үлес қосты.
Ұсынылған ақпарат, фото және бейне материалдар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысының нәтижесінде келесідей орындар бөлінді:
• «Ең «жасыл» мектеп» номинациясы бойынша:
1 орын – Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі;
2 орын – Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы білім беретін мектебі;
3 орын - Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі.
• «Ең «жасыл» балабақшалар» номинациясы бойынша:
Атбасар қаласының №5 «Алтын бесік» балабақшасы;
Атбасар қаласының №1 «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасы.
• «Ең «жасыл» колледж» номинациясы бойынша:
1 орын – Зеренді ауданы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі;
2 орын – Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі;
3 орын - Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі қатысты.
Байқау жеңімпаздарына Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.