«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының туризм , дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының ұйымдастырылуымен, 2022 жылдың 1-4 қараша күндері аралығында Бурабай ауданының Щучинск қаласында № 7 мектеп лицейінде , «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасындағы жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптар арасындағы «Бес асық», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті ! Өскелең ұрпақ арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұлттық спорт түрлерінен төрт күнге созылған тартысты жарыс өтті, аталмыш жарысқа 9-11 сынып оқитын балалар қатысып, жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Спортшылар бес асық , асық ату, тғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен дайындық деңгейін жарыста өте жақсы көрсетті. Бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары ерекше қызықты өтті, өйткені бұл ойын әлемдегі ең озық зияткерлік ойындармен бәсекеге түсе алатын логикалық және рухани ойын. Бұл ойынның басты артықшылығы- адамның ойлауын ерекше дамыту және ақыл-ойды жетілдіру, қолдың икемділігін, шыдамдылыққа, тәртіпке үйретеді. Иә, қазақ халқы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарайтындығының дәлелі. Физикалық күштен басқа, жас ұрпақ жақсы дамыған ақылға иесі болуы керек, сол үшін біздің ата-бабаларымыз осындай ойындарды құрастырған.
Додаға Ақмола облысынан 14 аудан, 3 қала жалпы 17 команда қатысып, 170 оқушы бақ сынады!
Ақмола өңірінің өрендері ұлттық спортқа қызығушылығы бар оқушылар 4 күн бойы, бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ жарыстарынан кім мықтыдан, кім мықтыны сараптайды.
Ұлттық ойындардан жарыста келесі командалар жеңіске жетті.
Асық ату бойынша І-орын Бурабай ауданы
ІІ- орында Қорғалжын ауданы
ІІІ- орында Степногорск қаласы
Бес асық жарысында І орында Көкшетау қаласы иеленді
ІІ- орынды Ақкөл ауданы иеленді
ІІІ- орында Біржан сал ауданы
Тоғызқұмалақ бойынша І орында Көкшетау қаласы иеленді
ІІ- орында Бурабай ауданы
ІІІ- орында Степногорск қаласы
Одан басқа «Сұр-мерген», «Үздік техника» , «Үздік форма» сияқты номинациялар бойнша командалық және жеке есепте қыздар мен ұлдар сыйлықтармен грамоталармен марапатталды.
Жүлделі орындарға ие болған барлық командалар Ақмола облысы білім басқармасының туризм , дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының алғыс хаттарымен, медальдармен, грамоталармен, кубоктармен және құнды сыйлықтаырмен марапатталды. «Ұлттық мектеп лигасы »бағдарламасындағы жалпы білім беру ұйымдарының 9-11сыныптар арасындағы ұлттық спорт түрлері «Бес асық», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» бойынша жарыстар осындай нәтижелермен, аяқталды.