«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2022 жылдың 23 – 25 қараша күндер аралығында Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылы Агротехникалық колледжі базасында «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық форумы өткізілді.
Форумның мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана-сезімнің және әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу; мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылдарға дайын болу, қазақ халқының әдеби-тарихи мұрасын танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау.
Облыстық форум «Жетістіктер көрмесі», «Археология», «Тарихи өлкетану» және «Өлкетанулық туризм» номинациялары бойынша өтті.
Форумның бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Қосшы қалаларынан 40 жуық оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Форумның екінші күні барлық қатысушылар «Легенды Бурабай» турфирмасы ұсынған жайлы автобустармен Целиноград ауданы Қосшы ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалдық музей кешеніне танымдық экскурсияға барды. «АЛЖИР» музейінің қызметкерлері Кеңес үкіметінің сұрапыл саясатының жаладан жаза тартқан әйелдердің лагердің қабырғасында қалай қиын ауыр күн кешкендері туралы толық ақпарат берді. Экскурсия соңында «Лютый холод АЛЖИРа» деген деректі фильмін көрді.
Форум жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 9 оқушы Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 3 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 3 оқушы ие болды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыс тілейміз. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.
«Археология» номинациясы:
1 орын - Абенов Рамир Ерейментау ауданы;
2 орын - Исмагулова Ринат Жақсы ауданы;
3 орын - Майер Элина Көкшетау қаласы.
«Тарихи өлкетану» номинациясы:
1 орын - Кеңес Ұлжан Целиноград ауданы;
2 орын - Янкова Арина Сандықтау ауданы;
3 орын - Сеилова Назым Егіндікөл ауданы.
«Өлкетанулық туризм» номинациясы
1 орын - Мұхтар Әліби Қорғалжын ауданы;
2 орын - Куфинова Инесса Біржан сал ауданы;
3 орын - Қадырбекова Гүлназ Зеренді ауданы.
«Жетістіктер көрмесі» номинацсяы
1 орын - Жақсы ауданының білім бөлімі;
2 орын - Көкшетау қаласының білім бөлімі;
3 орын - Атбасар ауданының білім бөлімі.