«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылдың 22 ақпанында Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде облыстық экологиялық олимпиаданың 4 номинациясы бойынша зерттеу жобаларын қорғады.
Балалар «Zhasyl El» номинациясында әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдарын көрсетті, инновациялық «жасыл» жобаларды әзірледі, сол жұмыстарны практикада енгізу және насихаттау жолдарына тоқталды.
«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясында жас экологтар SketchUp, Blender, Tinkercad.com бағдарламалары бойынша Қазақстанның қызыл кітабына енген флора мен фаунаның 3D атласын жасады.
«Eko-Bolashak» номинациясында өз өлкесінде, , ауылында мектебінде көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, акциялар, жылыжай, мектеп орман шаруашылығы бойынша бейнеороликтер презентациясын көрсетті.
«Екінші өмір сыйла!» номинациясында әр түрлі қажет емес заттардан, қайта өңделген материалдардан, қызмет еткен заттардан, әр түрлі қаптамалардан, пластикалық бөтелкелерден және т.б. қалдықтардан жасалған жұмыстарын ұсынды.