«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылғы 23-24 ақпанда «Туған жерім» облыстық сырттай бейнероликтер байқауы өткізілді.
Мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында бейнероликті кең тарату, оқушылардың белсенді өмір қағидасын және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.
Байқаудың міндеттері:
Байқауға Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Аршалы, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Жарқайың, Целиноград, Сандықтау аудандарының және Степногорск қаласының жалпы білім беру ұйымдарынан 65 оқушы қатысты.
Байқауға қатысушылардың бейнетүсірілім мазмұны жағынан әр түрлі, бірақ мағынасы жағынан бірдей – жердің әр бұрышынан жүрекке жақын туған өлке мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Бейнероликтер байқауының қазылар алқасының мүшелері:
1.Тулемисова Сәуле Бегалиқызы - Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2. Алдажаров Мәди Ғизатұлы - Ақмола облысы туризм туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының әдіскері;
3. Башинский Анатолий Анатольевич – Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің география мұғалімі.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:
1. «Бәрі туған жерге деген махаббаттан басталады» номинациясы
1 орын - Гладкова Юлия, Сандықтау ауданы ауылы Каменка а.;
2 орын - Исенова Айдана, Астрахан ауданы Өндіріс а.;
3 орын – Қабыкен Гүлназ, Степногорск қ. Бестөбе кенті,
Булатова Дарига, Біржан сал ауданы Алға а.
2. «Әлемдегі ең жақсы орын туралы ...» номинациясы
1 орын – Рамазан Кәусар, Жақсы ауданы Жана Кийма а.;
2 орын - Китайбекова Адия, Аршалы ауданы Қойгелді а.;
3 орын - Ержанов Ернұр, Астрахан а. Новочеркасское,
Кашикова Аруана, Ақкөл ауданы Еңбек а.
Номинация жеңімпаздары орталықтың дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.