«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық экологиялық музейлер Фестивалі

05.04.2023

Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылдың 14-16 наурыз күндері Дүниежүзілік Жер күніне арналған облыстық экологиялық музейлер Фестивальін өткізді.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
1. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
- балалар мен жасөспірімдерде қоршаған табиғатқа бей-жай қарамайтын көзқарасты ояту;
- балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- әр түрлі дәстүрлі емес (қажет емес) материалдардан жасалған қолөнер байқауына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыру.
Облыстық экологиялық музейлер фестивальіне Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беретін ұйымдары, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары қатысты.
Қатысушылардың жұмыстарын Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Егорова Татьяна Владимировна, Жақсы ауданы Қима ауылының жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогі Зейналова Марина Раиковна және Ақкөл аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Мұхтар Гүлнар Бейқұтқызы бағалады.
Фестивальға әр түрлі техникада орындалған, әр түрлі дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдардан экспонаттар, қайта өңделген материалдардан, яғни тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар ұсынылды.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
«Екінші өмірге дем берейік!» номинациясы - өз мерзімін аяқтаған, бірақ жаңаларын жасауға кеткен қалдық материалдардан жасалған бұйымдар ұсынылды:
1 орын – Қайрат Мираш, Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы;
2 орын - Терентьева Адина, Ақкөл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
3 орын – Злодеева Арина, Шортанды ауданы Дамса ауылының ЖОББМ.

«Сұлулық әлемді құтқарады» номинациясы – тұрмыстық қалдықтардан, қажет емес заттардан жасалған зергерлік, сәндік бұйымдар ұсынылды:
1 орын – Ковалев Кирилл, Есіл ауданы С.Серіков ат. ЖОББМ;
2 орын - Жалбыр Арайлым, Жақсы ауданы № 1 ЖОББМ;
3 орын – Әділетханұлы Думан, Бұланды ауданы Макинск қ. мектеп-лицейі.

Экологиялық мұражай экскурсоводтарының байқауы - байқауға жас экскурсоводтар білім беру мекемесінің экологиялық музейінің жұмысы туралы бейне экскурсия жүргізді:
1 орын – Сандықтау ауданы Балкашин ауылының №2 ЖОББМ;
2 орын - Жәнібек Дастан, Зеренді ауданы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
3 орын – Серікберген Іңкәр, Ақкөл ауданы Азат ауылының ЖОББМ.

Облыстық экологиялық музейлер Фестивальінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Просмотров: 145


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст