«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылғы 27-29 наурыз аралығында дене шынықтыру, АӘД оқытушылары, туристік –өлкетану бағыты бойынша қосымша білім беру педагогтері үшін облыстық әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар мен құралдар байқауын өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ақмола облысының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру, АӘД және қосымша білім беру педагогтары бағытында жұмыс істейтін педагогтардың әдістемелік жұмысын жетілдіру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Облыстық байқаудың жұмыстарын бағалаған қазылар алқасы:
1. Коскулакова Бақыт Кеңесқызы – Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының директордың орынбасары;
2. Тулемисова Сауле Бегалиқызы – Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
3. Букин Виктор Владимирович - Көкшетау қаласының техникалық лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі.
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
1. Материалдардың байқаудың мақсатына, міндеттері мен тақырыптарына сәйкестігі;
2. Материалдың әлеуметтік маңызы және әдістемелік құндылығы;
3. Жұмысты ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі;
4. Практикалық іске асыру деңгейі;
5. Жаңашылдық дәрежесі, қызметтің өнімді әдістерін дамытуға бағытталғандығы;
6. Құралдарға ұсынылған құрылымының талаптарға сәйкестігі;
7. Материалдардың ғылыми принциптерге және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Байқау нәтижелері бойынша анықталған орындар:
1 орын – Чарушин Дмитрий Юрьевич, Атбасар ауданы;
2 орын– Ломова Любовь Ивановна, Аршалы ауданы;
3 орын – Нағашыбаев Нұрболат Ермұратұлы, Атбасар ауданы;
3 орын – Укай Амангүл, Целиноград ауданы.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды, байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.