«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Бұл жер - сенікі және менікі» облыстық табиғат білгірлерінің турнирі 2023 жылдың 18-20 сәуір аралығында Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжі базасында өтті.
Турнирге Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары және Степногорск, Көкшетау қалаларынан Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.
Турнирдің мақсаты: оқушылардың табиғат туралы білімдерін кеңейту; барлық тіршілікке адамгершілікпен, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу; орманда мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа көмек көрсету; балаларды табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға және экологиялық идеяларды насихаттауға ынталандыру.
Облыстық табиғат білгірлерінің турнирінің қазылар мүшелері:
Облыстық турнир төрт кезең бойынша өтті:
1. «Визит карточкасы» кезеңінде - командалар сәлемдесуін, ұранын, көркемдік нөмірін ұсынды:
1 орын – Астрахан ауданы Жалтыр а. №3 ЖОББМ;
2. «Экологиялық оқиғалар» - экологиялық ертегілер мен әңгімелерді сахналады:
1 орын - Целиноград ауданы Қоянды а. №2 ЖОББМ;
2 орын – Бұланды ауданы Алтынды а. ЖОББМ;
3 орын – Бурабай ауданы Ұрымқай а. ЖОББМ.
3. «Экологиялық туризм» тақырыбында пікірталас:
1 орын – Көкшетау қаласы №18 мектеп-лицейі;
2 орын - Біржан сал ауданы Мақпал а. негізгі мектебі;
3 орын - Жақсы ауданы Жақсы а. №2 ЖОББМ.
4.«Біздің үй – табиғат» жобасын қорғау:
Грамотамен марапатталған аудандар:
Ақкөл ауданы П.Исаков ат. №1 ЖОББМ.
Степногорск қ. С.Сейфуллин ат. №5 көпсалалы мектеп-лицейі.
Көкшетау қаласы №21 мектеп-лицейі.
Сандықтау ауданы Максимовка а. ЖОББМ.
Бұланды аудаы Макинск қ. мектеп-гимназиясы.
Турнирдің облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен, жеңімпаздардың жетекшілері Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.