«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылғы 17-19 мамыр аралығында Атбасар ауданы Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Уақыт – байланыстырушы желі» білім беру ұйымдары музейлерінің облыстық байқауын өткізді.
Мақсаты мен міндеттері: жастарды патриоттық тәрбиелеу және туған өлкенің тарихы мен мәдениетін насихаттау, өлкетану саласындағы мектеп музейлерінің жұмыс тәжірибесін жинақтау, оқушыларды отандық өлкетануды зерттеуге тарту, олардың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын, кіші отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, оқушылардың зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту.
Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының жалпы білім беру ұйымдарынан 37 оқушы қатысты.
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалағандар:
1. Балекбаева Гүлзат Алдоңғарқызы - Есенберлин Әдеби музейі қорларының сақтаушысы.
2. Әлжанова Гүлшат Серікқызы - Атбасар тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы.
3. Балекбаев Азат Талғатұлы - Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді:
1. «Аңыз - адам» номинациясы - мектеп мұражайының заттарын пайдалана отырып, адамның тағдыры мен өмірбаяны туралы әңгіме.
2. «Мектеп музейі экспозициясының материалдары бойынша кіші Отанның тарихы мен табиғаты» номинациясы.
3. «Соғыстан кейінгі өмір» номинациясы - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және олардың мектеп музейлерінің материалдары бойынша елді қалпына келтіруге қосқан үлесі туралы.
«Аңыз - адам» номинациясы:
1 орын – Сэригболат Сәттібек, Ерейментау ауданы Еркіншілік а.
2 орын – Серібекұлы Ерасыл, Целиноград ауданы Софиевка а.
3 орын – Сейдабзалова Мадина, Аршалы ауданы.
Грамота – Нұрбек Шынар, Ақкөл ауданы Өрнек а.
Грамота – Найзабекова Арай, Жарқайың ауданы.
Грамота – Қарқын Медина, Зеренді ауданы Ақан а.
2. «Мектеп музейі экспозициясының материалдары бойынша кіші Отанның тарихы мен табиғаты» номинациясы:
1 орын – Дәлелхан Аллаберген, Ерейментау ауданы Еркіншілік а.
2 орын – Рапетская Александра, Шварцкоп Татьяна, Бурабай ауданы Зелёный бор а.
3 орын – Есенова Томирис, Атбасар ауданы Есенгелді а.
Грамота – Ерғали Балауса, Атбасар ауданы Есенгелді а.
3. «Соғыстан кейінгі өмір» номинациясы:
1 орын – Мусажанова Аружан, Жақсы ауданы Запорожье а.
2 орын – Милевская Аделина, Атбасар ауданы Новосельское а.
3 орын – Мұқанбетжанова Айгерім, Жарқайың ауданы.
Грамота – Мұхамбет Нұрайым, Зеренді ауданы Ақан а.
Грамота – Кабиденов Ерасыл, Көкшетау қаласы.
Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз.