«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ# 2023 жылғы 26 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының әдіскерлері және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірлесіп Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің 50 жылдығына арналған «Пластикалық ластану мәселесін шешу» экологиялық акциясын өткізді. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау - бұл ең маңызды халықаралық қоршаған орта күні. 1973 жылдан бастап бұл іс-шара миллиондаған адамдар қатысатын ең үлкен жаһандық экологиялық платформаға айналды. Эколоиялық акцияға Көкшетау қаласының №13 «Экос» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары мен педагогтары да белсенді қатысты. Экологияға қатысушылар қаланың таза болып, көркеюіне өздерінің үлестерін қосты.