«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылдың 8-9 маусым күндері қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді.
Форумның басты мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысының намысын біздің Орталықпен өткізілген облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады.
Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1.«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» - 3D атласын жасау;
2. «Zhasyl El» - зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Экотеатр» - экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;
4. «Eko-Bolashak» номинациясы атқарылған экологиялық мәселелер туралы бейнероликтер байқауы;
5. «GREEN OASES» - ландшафтық жобалар байқауы;
6. «Туған өлкенің бояулары» - электрондық экологиялық ашық хат.
Республикалық форум нәтижелерін салтанатты түрде жариялау 16 маусым күні онлайн-режимде өтті. Кәсіби қазылар алқасы, оның құрамына осы бағытқа байланысты мамандар кірді, ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, форум жеңімпаздарын жариялады.
Республикалық форумның қорытындысы бойынша біздің балалардың жеткен жетістіктері:
«Туған өлкенің бояулары» номинациясы - Ерейментау ауданы Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Тоқсанбаева Аяулым 3 орын алды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.