«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылғы 19-23 маусым аралығында Зеренді ауданы бойынша «Бір апта ауылда» әлеуметтік бастамалар топтамасы іске асырылды.
Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясының оқушылары Зеренді ауданының бай тарихымен, киелі орындарымен және табиғат ескерткіштерімен танысты, қала мен ауылдың жерлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағдар алып, ауыл шаруашылығы объектілеріне барды, қазақ халқының тұрмыс салтын, ұлттық ойындарын және тағамдарын білді.
23 маусымда Зеренді ауданының М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында «Бір апта ауылда» жобасының жабылу рәсімі өтті. Барлық жоба қатысушыларына сертифиат табыс етілді. Балалар керемет әсермен үйлеріне қайтты.