«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2023 жылдың 24-28 шілде күндері аралығында Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, «Қанағат» қонақ-үй-туристтік кешенінің аумағында "Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті, слетке жеті команда жетпіске жуық оқушы қатысты. Жарыс бірнеше бөліктен тұрды: туризм, экология, өлкетану әр бөлікте бір неше тапсырма болды. Слет өте қызықты өтті оқушылар үшін демалыс пен жарыс қатар өтті. Балалар жақсы әсер алып, басқа аудандардан келген құрбыларымен танысып достасты. Балалар туризм, өлкетану, экология салаларында көптеген жаңа мәлімет алып өз білімдерін толықтырды. Табиғат аясында өткен слет барлық қатысушыларға ұнап ұмытылмастай жақсы әсер қалдырды. Барлық слет қатысушыларына сертификат табысталды, жүлделі орынға ие болған командалар кубок ,диплом,және құнды силықтармен марапатталды. Жалпы командалық есепте; І орын - Сандықтау ауданы; ІІ орын - Степногорск қаласының Шантөбе ауылы; ІІІ орын - Есіл ауданы. "Үздік турист" номинациясында: І орын - Степногорск қаласының Шантөбе ауылы; ІІ орын - Сандықтау ауданы; ІІ орын - Жақсы ауданы; ІІІ орын - Зеренді ауданы; ІІІ орын - Есіл ауданы. "Жас өлкетанушы" номинациясында: І орын - Степногорск қаласының Шантөбе ауылы; ІІ орын - Есіл ауданы; ІІ орын - Сандықтау ауданы; ІІІ орын - Жақсы ауданы; ІІІ орын - Атбасар ауданы. "Жас эколог" номинациясында І орын- Есіл ауданы; ІІ орын - Сандықтау ауданы; ІІ орын - Жақсы ауданы; ІІІ орын - Зеренді ауданы; ІІІ орын - Степногорск қаласының Шантөбе ауылы.