«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ Сандықтау ауданы Сандықтау а. «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру орталығында «Табиғат – адамзатқа аманат» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізді. Форумға Атбасар, Ақкөл, Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Есіл, Сандықтау аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 67 бала қатысты.
Қатысушылар облыстық форумның 6 номинациясы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.
1. «Ақмола облысының флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы – жас экологтардың 3D атласты қорғауы:
1 орын – Жакупова Томирис, Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
2 орын – Алдаберген Дәулеткерей, Степногорск қаласы Қырық құдық а. жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
3 орын – Альтерготт Александр, Жақсы ауданы Қима а. Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.
2. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр бағыт бойынша 2 қатысушы).
1 орын – Дыль Никита, Сандықтау ауданы Веселое а. Социалистік Еңбек Ері Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы;
3. «Eko-Bolashak» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы бойынша видеороликтер презентациясы:
1 орын - Ахметкалиева Аяна, Ақкөл ауданы Азат а. жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы;
2 орын - Тюлюбаев Жандос, Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
3 орын - Сатин Ерасыл, Бурабай ауданы Ұрымқай а. жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
4. «GREEN OASES» номинациясы – ландшафтық жобалар байқауы, мектеп ауласының, балабақшаның немесе басқа білім беру ұйымының ландшафттық дизайны:
1 орын - Некрасова Виктория, Сандықтау ауданы Каменка а. жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы;
2 орын - Альмуратов Нұрасыл, Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;
3 орын - Чужебаева Ажар, Жақсы ауданы Жақсы а. №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы.
5. «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен сырттай бейнероликтер байқауы:
1 орын– Есіл ауданы Двуречное а. жалпы орта білім беретін мектебі;
2 орын - Бурабай ауданы Зеленый бор а. жалпы орта білім беретін мектебі;
3 орын - Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы.
6. «Туған өлкенің бояулары» графикалық суреттердің сырттай байқауы – электрондық экологиялық ашық хат:
1 орын - Атметчина Рабия, Жақсы ауданы Жақсы а. №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы;
2 орын – Лопушняк Татьяна, Сандықтау ауданы Каменка а. жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
3 орын - Смайыл Кәрім, Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.
Облыстық форум аясында Зеренді ауданы Айдабол а жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі қатысушылармен экологиялық тренинг өткізді.
Экологиялық тренингтің мақсаты: экологиялық дүниетаным мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Барлық тренинг ойын түрінде қатысушыларға әр адамның үлесі туған өлкенің экологиясында өте маңызды рөл атқаратындығын жеткізу үшін құрылған. Экология тақырыбы әр жаттығу арқылы, тіпті қызыл жіппен релаксация жаттығуларынан өтеді. Сонымен бірге бейресми қарым-қатынасқа негізделген, қатысушылар экологиялық пирамиданы құра отырып, әртүрлі кәсіптердің өкілдеріне айнала отырып, табиғатты сақтау үшін не істей алатындығын ұсынды. «Экологиялық пирамида» тамақтану тізбегін визуализациялауға, бір буынның бұзылуы бүкіл тізбектің бұзылуына әкелетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Балалар флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеуге тырысты және көрермендер кімді бейнелегенін дәл анықтай алғанына риза болды. Қасқыр, қоян немесе далалық түймедақ болсын. «Халыққа үндеу» жаттығуында. Мақсаты - әлемге маңызды хабарламамен немесе өтінішпен жүгіну мүмкіндігі. Оқушылар экологиялық талаптарды тұжырымдауға және бір-бірімен ынтымақтастыққа машықтанды.
Тренинг барысында қатысушылар ҚР Оқу-ағарту вице - министрі Е.С.Оспанмен кездесу өткізіп, естелікке суретке түсті. Сонымен бірге ол «Табиғат – адамзатқа аманат» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумның қатысушыларының «жасыл» жобаларымен танысты.
Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.