«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ 2023 жылдың сәуір мен қазан аралығында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Сақтаймыз және көбейтеміз» атты «жасыл» науқаны өткізілді.
Науқанның мақсаты – жастарды ормандарды сақтау, қалпына келтіру және көбейту, қалалар мен аудандарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру (көшеттер, гүлзарларды орналастыру, абаттандыру, жылыжайлар) ісіне тарту.
Міндеттері: табиғат сұлулығын көре білуге тәрбиелеу; табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу; экологиялық сауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; адамның жасампаз қызметіне деген құрметін және табиғатқа қатысты қиратушы іс-әрекеттің теріс қатынасын тәрбиелеу.
«Сақтаймыз және көбейтеміз» атты «жасыл» науқанына Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Жақсы, Сандықтау аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларының мектептері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.
Ұсынылған ақпарат, фото және бейне материалдар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысының нәтижесінде келесідей орындар бөлінді:
• «Ең «жасыл» мектеп» номинациясы бойынша:
1 орын – Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі;
2 орын – Аршалы ауданы Константиновка ауылының жалпы білім беретін мектебі;
3 орын - Степногорск қаласының Ш.Уәлиханов атындағы № 8 жалпы білім беретін мектебі;
Орталықтың грамотасымен:
- Жақсы ауданы Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі;
- Біржан сал ауданы Бұланды ауылының жалпы білім беретін мектебі;
- Степногорск қ. Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі.
• «Ең «жасыл» балабақшалар» номинациясы бойынша:
1 орын – Аршалы ауданының «Солнышко» балабақшасы;
2 орын – Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжай балабақшасы;
3 орын - Атбасар қаласының «Еркежан» балабақшасы;
3 орын - Көкшетау қаласының «Әсел» бөбекжай балабақшасы.
• «Ең «жасыл» колледж» номинациясы бойынша:
1 орын – Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі;
1 орын – Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі;
Байқау жеңімпаздарына Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.