«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығы» КММ 2023 жылдың 15-17 қараша аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінде «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты: зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру.
Облыстық байқауға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Зеренді, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Қосшы қалаларынан 47 оқушы қатысты.
Әділқазылар алқасының құрамына кірген педагогтар: Бекенев Кайрат Салаватович - Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі; Пролосупов Александр Владимирович - Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының инженері; Смайлова Бикеш Сагиевна – Біржан сал ауданы Бұланды ауылының жалпы орта білім беретін мектептің директоры, биология пәнінің мұғалімі; Манатова Бизада Бигалиевна – Жарқайың ауданы Гастелло а. химия және биология пәндерінің мұғалімі.
Байқау қатысушылары 3 номинация бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады.
1 орын - Айтжан Жанерке, Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;
3 орын - Темірбекқызы Шұға, Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы.
3 орын - Садық Айару, Целиноград ауданы Талапкер а. ЖББМ 9 сынып оқушысы;
3 орын - Даравских Злата, Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
3. «Табиғатты жүрегіңмен сезін» сурет байқауы - туған өлкесінің экологиялық жағдайын ашатын, экологиялық проблемаларға назар аударатын жұмыстарын ұсынылды:
1 орын - Мейрамбекқызы Камшат, Целиноград ауданы Талапкер а. ЖББМ 11 сынып оқушысы;
2 орын - Колпакиди Арина, Сандықтау ауданы Сандықтау а. ЖББМ 6 сынып оқушысы;
3 орын – Қапан Нұрасыл, Аршалы ауданы Жалтыркөл а. 8 сынып оқушысы;
«Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауы аясында қатысушылар арасында «Эко-ассорти» экологиялық квест өткізілді.
Экологиялық квестте балалар сабақта алған білімдерін практикада көрсете білді. Барлық команда 5 станциядағы әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап өтті. Жолсілтеме ретінде маршруттық парақтар берілді. Маршрутты орындағаннан кейін қорытындылау үшін маршруттық парақты тапсырды. «Эко-ассорти» экологиялық квесттің қорытындысы бойынша орын алған командалар грамотамен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.