«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология» орталығы 2020 жылдың 13-17 шілде аралығында Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Экологиялық соқпақ» облыстық байқауын қашықтықтан өткізді.
Облыстық Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Байқаудыңмақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері:
1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2) балаларды туған өлкенің тарихи, экологиялық, мәдени және рухани мұрасын зерттеуге тарту;
3) белсенді және талантты білім алушыларды анықтау, білім алушылардың белсенді табиғатты қорғау қызметінің дағдыларын ынталандыру;
4) облыстың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
5) экологиялық жұмыстың дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
6) облыстағы оқушылардың экологиялық бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;
7) балаларды экологиялық іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Байқауғабарлығы 48 қатысушы қатысты. Қатысушылар өз аймағында экологиялық экспедиция өткізді. Экологиялық карта жасап, жергілікті жерде әзірленген бағыт бойынша экологиялық соқпақтан өтіп, плакатқа салып, оны шартты белгілермен белгіледі.Сондай-ақ флора мен фаунаның бақылаулары мен зерттеулерін жүргізді: жергілікті жерлердегі экологиялық бұзушылықтар, өсетін дәрілік өсімдіктер, «Жасыл дәріхананы» жинады.
Ал экологиялық есепте өңірдің экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріп, осы зерттеуге өзінің практикалық үлесін көрсетті.
Қатысушылардың ұсынылған жұмыстарыкелесіөлшемдер бойынша бағаланды:
1. Зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы;
2. Жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі;
3. Жұмыстың практикалық маңызы;
4.Қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі;
5. Экологиялық карта;
6. Жергілікті жердің бағдары;
7. Жасыл дәріхана.
Қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы бойыншаорындар келесідей бөлінді:
1 орын- Біржан сал ауданы Степняк қ. №1 ОМ және №2 Абай ат.ОМ;
2 орын – Степногорск қаласы Шантөбе кенті В.Комаров атындағы ОМ;
3 орын –Целиноград ауданы Қоянды ауылы Қоянды ОМ.
Жеңімпаздардың бейне есептерін әлеуметтік желі instagram: @ocdutke парақшасында көре аласыздар.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар берілді. Жеңімпаз балаларОрталықтың алғыс хаттарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарытабыс етілді.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық Слетіне қатысады.