«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Туристік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогінің 2 кезеңін өткізу туралы ақпарат
2018 жылдың 3-6 қаңтар күндері Көкшетау қаласы №19 орта мектебінің және «Таңдау» №5 көпсалалы гимназиясының базасында ТК бойынша Қазақстан Республикасы Кубогінің 2 кезеңі, жасанды бедерде туристік көпсайыстан (таулы туризм) ашық аймақтық жарыстар өткізілді. Жарыстардың ұйымдастырушысы – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.
Жарыстардың мақсаты: туристік көпсайысты дамыту және әйгілеу, Қазақстан Республикасының аймақтарымен іскерлік және достықтық байланыстарын кеңейту, қатысушылардың техникалық және тактикалық шеберліктерін жоғарлату, жарыстардың жана нысандарын өңдеу, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу тәжірибиесімен бөлісу, туристік көпсайыстан (таулы туризм) ең мықты командаларды анықтау және санаттық нормативтерді орындау.
Жарсытарда Ақмола, Павлодар облыстары және Астана қаласынан 70 қатысушы (13 команда) қамтамасыз етілді.
Жарыстардың бағдарламасына «Жеке», «Техникалық», «Жартастар» және «Связки» дистанциялар кірді.
Жаңа жылда бұл бірінші жарыстар болғандықтан және жүлделі орындар үшін әзілдейтін емес күрес басталды. Қатысушылар скалодром трассасын құлшына ие қылып, қайсар жігерлігімен таң қалдырды.
Чемпионатта Ақмола облысынан 5 команда қатысты: жасөспірімдер- «Фирн-2», «Фирн-3», юниорлар – «5 высота», «Синегорье», «Көкше». Үйде қабырғалар да көмектеседі деген бекер емес қой, Ақмола облысы құрамасы үшін бұл жарыстар жұлдызды болды. Жалпы есепте 4 дистанция бойынша юниорлар арасынада «Пирамида» (Павлодар облысы) 1 орын алды, екінші орын – «5 высота» (Ақмола облысы), 3 орын – «Легион-3» (Астана қ.).
Жасөспірімдер арасында «Фирн-2» (Ақмола облысы) командасы бірінші орын алды, екінші орынды – «Штурм-65» (Астана қ.) командаса, үшінші орынды – «Фирн-3» (Ақмола облысы) командасы алды.
Жарыстардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы спорттық туризм Ұлттық федерациясының медальдары, мадақтамалары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстардың жабылу рәсімінде Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы Облыстақ балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығының директоры А.Г. Умурзаков қатысты, ол баршаны спорттық маусымның жемісті ашылуымен құттықтады.
ОБЖТӨЭО әдіскері С.С. Яковлев