«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Звездный» БСО-нда «Туризм элементтері бар денсаулық күнін» өткізу туралы ақпарат

04.12.2017

«Звездный» БСО-нда «Туризм

элементтері бар денсаулық күнін» өткізу туралы ақпарат

 

Балаларды спортпен айналысуға баулу, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Звездный» балаларды сауықтандыру орталығында қарашаның 28-30 күндері Сандықтау балалар үйінің, Щучинск қ. «Балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығы» ҚММ-нің, Көкшетау қ. ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының, Көкшетау қ. кәмелетке толмағандарлы бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері мен оқушыларына туристтік элементтері бар денсаулық күні іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шара «Дені саудың тәні сау» ұранымен өтті.

Далада келесі жарыстар бойынша көңілді бастамалар өткізілді: эстафетаны тапсыру, шаңғы тебу, арқан тарту. Оған қоса балаларға түйіндерді байлау шеберлік сабақтары көрсетілді, ең батылдары өздерін тарзанкада сынап көрді. Ең белсенді балалар «Звездный» БСО-ын шағымен айналып өту эстафетасына қатысты. Денсаулық күнінің ең кіші қатысушыларына төбешіктен сырғанау ұйымдастырылды. Әрине, әр бала өз дарынын көрсеткен ұмытылмас кешкі іс- аралар да, дискотека да өткізілді.

Біздің Денсаулық күніміз осындай шулы, көңілді әрі белсенді болды.

Өткізілген Денсаулық күні оқушылардың денесін шынықтыруға ғана емес, оған қоса оларды өнегеге тәрбиелеуге, оң эмоцияларды қалыптастыруға, үлкендер мен балалардың бір мақсат үшін бірігуіне де әсер етті.

Барлығы Денсаулық күніне 120 оқушы қатысты.

 

Просмотров: 630


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст