«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Жас тарихшылармен өлкетанушылар форумы
2017 жылдың қарашасының 22-25 күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішіндегі «Тарих мұрасы» шағын бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Патриот болу – Қазақстанды жүрегіңде алып жүру» (Н. Назарбаев) ұранымен Тұңғыш Президент күніне арналған жас тарихшылар мен өлкетанушылардың бірінші облыстық форумы өтті.
Форум мақсаты: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыратын, туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасын сақтауға деген ынталарын дамытуға себін тигізетін оқушылардың өлкетанушылық істерін қолдау.
Форумға Ақмола облысының барлық аймақтарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен, Ш. Уәлиханов ат. КМУ, Көкшетау қ. №1 серивистік-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары, мұражай қызметкерлері, Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қолдану орталығы, БАҚ қызметкерлерімен 100 шақты адам қатысты.
Форумның бағдарламасы тығыз әрі қызықты болды.
23 қарашада Астана қаласына шолу экскурсиясына сапарға аттандық. «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысының кітапханасы» орналасқан «Назарбаев орталығы» қатысушыларға үлкен әсер етті. Онда «Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің істерінің жылнамасы» жинақталған. Бізді құрылымдалған мәліметтерді сақтауға, ауқымды ақпаратпен, фотосуреттермен, бейнебаян материалдарымен, кітаптармен, қолжазбалармен және құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялармен таныстырды.
Елордамыздың ең көрікті жері атануға толықтай құқығы бар, Елбасының бұрынғы резиденциясы болған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайына да бардық.
Біз онда Назарбаевтің өзі жазған ерекше мұрағаттық құжаттарды, ғылыми материалдарды, кітаптарды; еліміздің тұңғыш президентінің жұмысы мен бүгінгі Қазақстанның тарихын көрсететін сыйлықтар, мадақтамалар, жүлделер жинағын және басқа да көптеген заттарды көрдік. Мұражайда барлығы 40 000 таман жәдігер бар, және олардың барлығы дерлік Назарбаевтің сол ғимаратта қызмет еткен кезіндегі қалпында сақталған.
Өзге мемлекет басшыларының біздің президентке өздерінің тілектерін жазып, қолдарын қойып сыйға тартқан заттары бізге қатты ұнады. Мұражайдағы аса ерекше жәдігерлердің бірі – Испанияда жыл сайын өтетін «Вуэльта» веложарысында жеңіске жеткен А. Винокуровтың спорттық велосипеді. Жинақтамалық қару- арақтар залындағы жәдігерлер де әсер етерлік.
Астана – құрылысы алға шапшаң жылдамдықпен қадам басып келе жатқан заманауи мегаполис. Онда сауда және іскерлік орталықтардан басқа діни объектілер, ғибадатханалар, шіркеулер, мешіттер де салынып жатыр. Солардың ішіндегі ең әдемі және ең заманауи болып саналатын Хазірет Сұлтан мешіті балалардың және оларды жетектеуші ересектердің жандарында өшпес ізін қалдырды. Бұл мешіт көлемі жағынан Орталық Азияда екінші орында. Ол Есіл өзенінің оң жағалауында, Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Қазақ Елі» монументіне көршілес орналасқан. Экскурсия жүргізушісінің айтуы бойынша, бұл мешіт 5 мың сиынушыларды сиғызады, ал мейрам күндері олардың саны 10 мыңға дейін жетеді. Ол ғимараттың ішінде дәрет алу бөлмелері және неке қию рәсіміне, құран оқуға, оқу-ағартушылық жұмыстарға арналған залдар қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, бұл зәулім құрылыс барлық талаптарға жауап береді. Рухани тәрбие тұрғысынан, біз барғанда мешітте көп адам болғаны (намаз уақыты еді) маңызды болды, өйткені бұл балалардың дін, сенім сияқты түсініктер туралы ойлануға себеп болды.
Сапардан біз тұрған орнымызға «Звездный» БСО-на (Бурабай ауданы) кешке шаршап, бірақта өткен күнге риза болып оралдық.
Негізгі жұмыс күні қарашаның 24 еді. Сағат 9:30 Форумның ашылуы басталды. Мерекелік бағдарламаны Щучинск қ. Өнер мектебінің оқушылары дайындады. Пленарлық бөлімде МҰТП «Бурабай» тарихи-өлкетанушылық мұражай меңгерушісі Есқара Шамшия Кәкімқызы, Бурабай елді-мекенінің тарихи-өлкетанушылық мұражайының экскурсия жүргізушісі Тюлембаева Саягүл Құрманғалиевна, Жалпы тарих және философия кафедрасының жоғарғы оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы, Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен қолдану орталығы» ҚММ-сінің инспекторы Сарсекова Гаухар Балапанқызы сөз сөйледі.
Жас қатысушылар «Менің Президентім» тақырыбында қызықты шығармашыдық жұмыстарын ұсынды. Бірі презентация, эссе, ерекше көрсетілген біздің еліміздің даму хроникасын дайындаса, Есіл балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің жетістіктерін айтып, Президентке видеоқұттықтау әзірледі.
Археологиялық экспедицияларға қатысу бойынша Константин Владимирович Алексеев (Красный Яр ауылының №2 ОМ мұғалімі) және Урумбаев Руслан Жумабаевич (Көкшетау қ. №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі) шығармашылық есептерін берді. Олардың шеберлік сабақтарын көрсетуге оқушылары, экспедиция қатысушылары, Мукушев Тимур (қазір ол Ш. Уәлиханов ат. КМУ тарих факультетінің 2 курс студенті) мен Кравченко Андрей (Красный Яр ауылының №2 ОМ 11 сынып оқушысы) көмектесті. К. Алексеев пен Р. Урумбаев өздерінің экспедиция кезінде тауып алған жеке жинақтарының жәдігерлерімен орнату көрмесін ұйымдастырды. Форум қатысушылары «археологиялық» өмірдің қызықты жайттары мен оқиғалары туралы, архелогияға ұғындыру рәсімі жайында ұйып тыңдады. Олардың реакциялары мен сұрақтарына қарағанда, келесі жылы археологтар саны арта түсуі тиісті.
«Қазақстан-Көкшетау» арнасының өкілдері қатысушылар мен ұйымдастырушылардан сұхбат алып, Форум туралы репортаж түсірді.
Форум ұйымдастырарда қойған барлық мақсаттарымызға жеттік. Форум аяталғанда қатысущылардың бәріне сертификаттармен; ал жетекшілері Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясының орталығынаң алғыс хаттарымен, Фоурмды ұйымдастыруға көмектескендері үшін барлық баяндаушылар Ақмола облысының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық делегациялар мен қонақтарға ұлы ханның өмірі мен мемлекеттік қайраткерлігі жайында барлық мәліметтер жинақталып жүйеге келтірілген «Абылай хан» энциклопедиясы сыйға тартылды.
Лейла Толуспаева,
Ақмола облысының білім басқармасының қарамағындағы
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі,
өлкетануы және экологиясы орталығының директорының орынбасары