«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.10.2017

Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің VIII ашық облыстық форумының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің VIII облыстық форумы «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

1.1. Мақсаты

азаматтық жауапкершілігі мен патриотизм сезімін дамытуға ықпал ететін практикалық қызметінің жүйесінде өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерртеу балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бойынша білім беру ұйымдарының белсендіру.

1.2.Міндеттер

- Ақмола облысы аумағындағы табиғатты қорғау, оқу-зерттеу және экология-ағартушылық жұмысын өткізіп жатқан мектеп орманшылықтар мен бірлестіктердің қызметін қорытындылау;

- арнайы экологиялық, натуралистік және орманшылық білімдері мен дағдылары бар оқушыларды анықтау мен ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімдеу және балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі кәсіби анықтау жеңілдету үшін рухани және адамгершілік өмір нұсқаулардың таңдауда экологиялық мәдениетті рөлін арттыру;

- қоршаған ортаны қорғау бойынша оқушылардың зерттеу және практикалық қызметіне қызығушылығын қолдау мен анықтау;

-мектептердің экология-биологиялық жұмысының әдістері мен инновациялық нысандарын іздеу.

1.3. Ұйымдастырушылар

Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық Форумын жалпы дайындау және өткізуін Ақмола облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, экология және орман шаруашылық колледжіне жүктеледі.

2. Өткізу уақыты және орны

Облыстық форумы 2017 жылдың 13-15 қазан күндері Бурабай ауданы, Щучинск қаласы экология және орман шаруашылық колледжінің базасында өткізіледі. Келу уақыты - 13 қазан күні сағат 19.00-ден. Форумға қатысу үшін өтінімдер 2017 жылдың 28 қыркүйекке дейін zhyldyz_83@mail.ru электрондық мекен-жайына ұсынылады. Өтінім нысаны қоса беріледі (1,2-қосымша).

3. Форум қатысушылары

Облыстық форумға аудандық (қалалық) байқаулардың 5 адамнан тұратын жеңімпаз-командалары қатысады (экологиялық, өлкетану үйірмелер және бірлестіктерінің, мектеп музей кеңестерінің мүшелері). Команданы 1 жетекші еріп жүру тиіс. Қатысушылардың жасы - 12-16 жас. Командалардың бірыңғай формасы мен эмблемасы болу керек.

Облыстық форумның ұйымдастыру комитетіне ұсынылады:

- аудандық (қалалық) білім бөлімінің бұйрығы;

- білім бөлімімен бекітілген, форум қатысушылары туралы тізім;

- туу туралы куәлігінің, жеке куәлігінің көшірмесі;

- денсаулық туралы (әр қатысушыға) медициналық анықтамасы;

- эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама.

4.Өткізу тәртібі мен шарттары

1.Әр байқау бірнеше кезендерден тұрады және әділ қазылар мүшелерімен өткізіледі. Әділ қазылар қатысушыларды байқаудың өткізу шарттармен таныстырады, білім деңгейін бағалайды, байқаудың жеңімпаздарын анықтайды және қорытындысын шығарады. Байқаудың қорытындысы хаттамамен рәсімделеді.

2.Байқаудың мазмұны бағдарламалармен анықталады (қосымша беріледі)

5. Форумның байқау бағдарламасы

1. «Сәлемдесу - команданың визит карточкасы» және «Ормандарды өрттен сақтайық» тақырыбынды үгітбригада командалық байқау (3-қосымша);

2. «Орман көпсайысы» - командалық эстафета (4-қосымша);

3. «Ботаника», «Дендрология», «Лесоводство», «Экология» номинациялары бойынша ой-талқы (5-қосымша);

4. «Природа-бесценный дар, один на всех», «Необычный природный объект-памятник живой природы», «Вот моя деревня, вот мой дом родной» мини-очерктармен фото-байқау (6-қосымша);

5. «Ландшафт дизайны» номинация бойынша «ЭКСПО-2017» арналған «Зеленая планета» шығармашылық жұмыстарының көрме-байқауы (7-қосымша);

6. «Жасыл экономика» («ЭКСПО-2017» шенберінде), «Денсаулық және қоршаған орта», «Туған өлкені зерттейміз» номинациялар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы (8-қосымша);

7. «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест (9-қосымша);

8. «Қазақстан Республикасында тұратын халықтың салттары мен ырымдары» байқауы (10-қосымша);

9. «Халық ойындары ұсыну және сипаттау» байқауы (11-қосымша);

10. Мектеп орманшылықтар, экологиялық мен өлкетану бірлестіктері қызметінің фото-шежіресі мен ақпараттық шығармашылық есеп (12-қосымша).

6.Қаржыландыру

Өткізу және жеңімпаздарын марапаттау шығындарын Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы көтереді.

Жол жүру, тұру және тамақтану шығындарына іс-сапарға жіберетін мекемелер жауапты. Тамақтану мен тұру экология және орман шаруашылық колледжінде бір қатысушыға тәулігіне 2500 теңгені құрайды.

7.Қорытынды

Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық форумінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтармен марапатталады.

Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст