«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2017 жылы 21-24 қыркүйек күндері Орал қаласында БҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді. Форумның қатысушыларына арнап оқушылар сарайында танымдық экскурсиялар мен шеберлік сыныптар өткізілді. Бұл шара - бағдарламасының іске асырып жатқан шараларының бірі.
Форумның мақсаты - шығармашылық, зерттеулік және әлеуметтік практикалық қызметі арқылы өскелен ұрпақтың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Форум әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан 160 қатысушы қамтылды. Топтың сандық құрамы - 10 адам: 9 білім алушы мен білім беру ұйымының педагогтері қатарынан 1 топ жетекшісі.
Ақмола облысы құрама командасын Сандықтау ауданы Лесхоз НМ және Степногорск қаласы №4 МГ-ның балалары - Алферьева Татьяна, Сузлицев Юрий, Селянин Андрей, Харченко Максим, Коваль Яна, Кишинская Юлия, Наукенов Ержан, Балтабаев Тамерлан и Абишев Чингиз ұсынды. Команда жетекшісі – Сандықтау ауданы Лесхоз НМ тарих пәні мұғалімі, мектеп орманшылығының жетекшісі Людмила Владимировна Исаева.
Баршаңы Орал қаласының жасыл аймақ Деркул өзенінің жағалауында орналасқан Батыс-Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы жанындағы туризм және экология облыстық орталығының «Евразия» туристтік-сауықтыру кешені құшақ жайып қарсы алды.
Форум бағдарламасы өте қызықты және мазмұнды болды. Балалар үш күн бойы «Евразия» ТСК ережелері бойынша тұрды. Балаларды өсімдік әлемнің бай биологиялық әртүрлілігі, ойластырылған ландшафтық дизайн, гүл молшылығы таң қалдырды.
Форум қатысушыларына экологиялық–биологиялық орталығы, қала саябағы және 4 музей бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Біздің балаларымызға атриум және қолданбалы шығармашылығы бойынша шеберлік сабақтар, мерекелік ойын-сауық шаралар өте ұнады.
Бірінші күні «Менің командам» шығармашылық кеш өтті, жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылды.
«Жасыл оазис» номинациясында экодизайнерлер рөлінде Коваль Яна и Кишинская Юлия шықты. табиғи және құнсыз материалдан істелген «Бурабай», макеті ұсынылды.
«Экоэлем» номинациясында қоршаған ортаны қорғау туралы ішкі көріністі, сыртқы көріністі ойластыру және жоспарлау бойынша видеороликтер презентациясы Юрий Сузлицев ұсынды.
Форум қатысушыларына лагерь аймағында экоквест өткізілді. Экоквестті 6 түрлі тапсырмалары бойынша өткізді. Аталған номинацияда командамызды түрлік сан алуандығының білгірі Андрей Селянин басқарды.
Табиғи және құнсыз материалдан істелген құстарды қоректендіруге арналған астауды Максим Харченко қорғады.
Оқушы Ержан Наукенов мектеп орманшылығының қызметі туралы «Туған өлкеңі зерттейміз» зерттеу жұмысында ұсынды (жетекшісі Л.В.Исаева). Әділ қазылар алқасында Тамерлан Балтабаевтың «Биоиндекация атмосферного воздуха г. Степногорска на основе анализа эпифитной фракции лихенофлоры» атты жұмысы (жетекшісі В.А. Щербина) ерекше қызығұшылық тұғызды. Осы жұмысы үшін Тамерлан 3 орын ие болды. Және де «Мектепте жел электр станциясы» атты тағы бір ғылыми-зерттеу жұмысы «Жасыл экономика» номинациясында ұсынды.
Чингиз Абишев, өз қолымен дайындалған макеттін пайдалана отырып «Әр бала үшін таза ауыз су» жобасын (жетекшісі В.А. Щербина) ұсынды.
Команда ұсынған барлық жұмыстар лайықты болғандықтан әр қатысушы сертификатпен, команда жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. Кешен аумағында жас табиғат қорғаушыларының шебер қолдарымен жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері 11 республикалық форумының саяжолы отырғызылды.
Форум қорытындысы бойынша ең үздік 16 команда арасында 1 орынға Батыс-Қазақстан облысы иеленді, 2 орын – Алматы қ. (жас натуралистер стансасы), 3 орын – Атырау облысы.