«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2017 жылы 23-24 маусым күндері «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедицилық жасақтарының республикалық слеті өткізілді.
«Менің Отаным –Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті – республикада балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға, оқушылардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуге, кәсіби өзін-өзі анықтауға, бос уақытты мағыналы ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік-танымдық жоба.
Слетті өткізу «тең теңімен» қатынасының, бәсекелестіктің салауатты рухының қалыптасуына жағдай жасайды, балаларда үздік болуға оң талпыныстың өскіні қаланады.
Слетте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедицилық жасақтарының аймақтық жарыстарының жеңімпаз-командалар (160 қатысушы), оның ішінде Ақмола облысының командасы қатысты. Балалар «Туған өлке соқпақтары» туристік экспедиция туралы презентация дайындады, «Сөнбес жұлдыздар» өлкетану жобасын қорғады, бақылау- туристік маршруттан өтті, жартасқа шықты, Ақтау қаласының көрікті жерлерінен экскурсиялық бағдарлану бойынша жарысты, бард әндерінің байқауына, «Құс үйшігі» акциясына қатысты. Қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.