«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2017 жылы 12-15 шілде күндері Щучинск-Бурабай курорттық аймағында (Голубой залив) спорттық жартасқа өрмелеу бойынша ашық облыстық жарыстары өткізілді.
Жарыстардың мақсаты - спорттық туризмді әйгілеу және одан әрі дамыту, спорттық, тактикалық және техникалық шеберліктерін жоғарлату, облыстың ең мықты спортшыларын анықтау, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға қатыстыру, спорттық жартасқа өрмелеуден Ақмола облысы құрама командасын қалыптастыру және туристік көпсайыстан разрядтық нормативтерді орындау.
Жарыстарда Бурабай, Зеренді аудандары, Көкшетау, Рудный және Астана қалаларының спортшылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 62 адам.