«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Жарыстар спорттық туризмді әйгілеу және одан әрі дамыту, спорттық, тактикалық және техникалық шеберліктерін жоғарлату, туристік көпсайыстан (жаяу жүру және велосипед туризмі техникасы) ҚР ең мықты командаларын анықтау және разрядтық нормативтерді орындау мақсатында өткізілді.
Жарыстарда Ақмола, Онтүстік-Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстары, Астана, Алматы, Текелі қалаларынан 23 команда (оның ішінде 6 - үлкендер, 9- юниорлар және 8-жасөспірімдер) қатысты. Қатысушылардың жалпы саны- 138 адам.
Жарыстардың салтанатты ашылу кезінде жарыстардың бас төрешісі Гульнар Назаровна Картанова (Ақтөбе қ.) сөз сөйледі, қатысушылармен сәлемдесіп оларға сәттілік тіледі.
Жарыстар жаяу жүру туризм бойынша үш қашықта өтті: «Қысқа» (командалық), «Техникалық», «Өткел». Велосипед туризмі бойынша – «Вело-триал», «Ұзын», «Кедергілер алабы».
Жарыстардың жабылу рәсімін Қазақстан спорттық туризмі Вице-президенті В.В.Бородулин өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар және туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Федерациясының кубоктар табыс етілді.
Ақмола облысын «Үлкендер» тобында "Фирн" командасы келесі құрамда ұсынды:
Андреев Роман,
Пономарева Любовь
Ерекешов Жанат,
Радченко Артем
«Жасөспірімдер» тобында "Фирн-2" командасы келесі құрамда:
Асылбек Хашим
Кочаненков Данил
Горленко Михаил
Пушкарева Альбина
Үшкүндік күрес бойынша жалпы есепте «Фирн» командасы 3 орынға ие болды, команда «Фирн-2» - 2 орын алды.