«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, «Туған Жер» бағдарламасы аясында Ақмола облысының білім басқармасымен білім беру ұймыдарының көгаландыру бойынша «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты науқанын жариялады. Аталған науқаның ұйымдастырушы облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы шықты.
Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің жетекші міндеттердің бірі қоршаған ортаға жауапты көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Оны шешу үшін теориялық сабақтарды ұйымдастыру ғана емес, практикалық қызмет қажет, онда табиғатта өзін қалай ұстау керек білу мен дағдыларына үйренеміз, қоршаған ортаның-ауланың, көшенің жай-күйін бағалауды үйренеміз; табиғаттың сұлулуғы мен байлығын сақтау мен жақсартуына өз практикалық үлесімізді қосамыз. Бұл бағыттағы қызметтің ең қызықты аспектісі мектеп ауланың және мектеп аумағының абаттандыру және көгалдандыру жұмысына қатысу болып табылады. Көгалдандыру-өте маңызды іс.Ағаштың өзі-бейбітшілік рәмізі, бұл табиғатты қорғауды қажет етеді және еске салады.
Аумақтың барлық жерлерінде ағаштарды отырғызуы ұйымдастырылды және облыстың әр тұрғыны сүйікті қаласының көгалдандыруына үлесін қосу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Бұл іс-шара қалалары мен аудандарының көгалдандыруына, ормандардың сақтау мен нығайту мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Ү.ж. 8 маусым жағдайы бойынша Ақмола облысы білім беру ұйымдарымен науқан барысында 22,3 мың ағаш пен бұталар отырғызылды, 35 мың мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Ең көп отырызылған ағаштар сандары бойынша көшбасшылар аңықталды: 1 орын – Целиноград(11200), 2 орын- Бурабай (2070), 3 орын -Астрахан ауданы(1848). Көшбасшылар ең көп отырғызған қарағайды, көктеректі, мамыргүлді - Целиноград ауданы; теректі (1030) – Атбасар ауданы; қайынды (560)- Бурабай ауданы.
Біздің науқанды беслсенді қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымдары мен орман шаруашылықтарына алғысымызды білдіреміз.
Енде жас ағаштар қамқорлықты талап етеді. Бұл тұрақты құрметті парызы мектеп оқушыларына жүктелген, өйткені туған өлкенің, елді мекендердің көгалдандыруы жас ақмолалықтардың патриоттық қасиеттерін маңызды көрінісі болып табылады.