«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Веложарыс қорытындысы: денсаулық, достық және жақсы қөңіл күй!

02.05.2017

Салауатты өмір салтын қалыптастыру;өсқелең ұрпақтын туған өлкесіне құрметін, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру; тұрғындардың көпшілік арасында жүретін экологиялық құрал ретінде велосипед спортын әйгілеу мақсатында 30 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне және «ЭКСПО-2017» арналған қалалық веложарыс өткізілді. Акция ұйымдастырушылары: Ақмола облысы білім басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, ««Көкше» велоқоғамдастық» Клубы.

Сағат 10:00 көпшілік веложарыс қатысушылары қала орталығында «Тәуелсіздік» алаңына жиналды. Мында әр жастағы қатысушылар: балалар және үлкен жастағы адамдар, жанұялар жиналды. Олардың ішінде: мектеп, колледж оқушылары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, түрлі ведомстволарының өкілдері, кәсіби спортшылар мен әуесқолайлар. Қатысушылардың жасы – 9-дан 66 жасқа дейін. Әсіресе, акцияны қолдауға мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен жай ғана жанкүйерлер келгені қуантты. Әрқайсысына ««Көкше» велоқоғамдастық» эмблемасы бар стикерлер және лотерей билеттері табыс етілді. Алаңда 150 шақты велосипед спортын әуесқойлары жиналды.

Жиналға қаумға ««Көкше» велоқоғамдастық» Клубының президенті Ерлаз Жайықбаев құттықтау сөз жолдады. Жол патрульдық қызметінің қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді, тәжірибелі велошабандозшылар шеберлік сабағын, жас жол қозғалысының иснпекторлары велосипедте өз ептіліктерін және икемділіктерін көрсетті.

Маршрут қашықтығы 3 километрді құрады. Қатысушылар ЖПҚ қызметкерлері мен жедел жәрдем каретасы ілесіп жүруімен маршрут бағыты бойынша өтті және мәре орнына қайта оралды. Велошабандозшылар құрамы мәре және сөреде өзгерсіз қалды. Веложарыс қатысушыларының төзімділік, шыдамдылық және жеңіске жігерленген ерік таңданыс тудырды.

Веложарыстан кейін Еркин Исимбаев, облыстық маслихаттың депутаты, Ақмола облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, барлық қатысушыларды велоаусымының ашылуы, Қазақстан халқының бірлігі күні, ҚР қарулы күштерінің 25-жылдығымен құттықтады. Лотерея билеттерін ұтыс ойыны өткізілді. Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Ш.Б.Батырханов веложарыстың ең үлкен қатысушы 1951 ж.т. Валерий Карагаевқа жәнет ең жас қатысушы 2007 ж.т. Даниил Беловқа естелік сыйлықтар табыс етті.

Спорт - біздің өміріміздің қажетті құрамдас бөлігі ретідне велошабандозшылар өздерінің үлгілерін көрсетті. Веложарыс көптеген қала тұрғындарының жаның қозғады. Олар веложарыс ұйымдастырушыларына мынадай шара тұрақты болуына тілектерін айтып, біреулер келесі жолы веложарысқа қатысатыны туралы айтты, ал біреулер велосипед сатып алуға ынта білдірді.

Акцияға қатысушылар суық және желді ауаға қарамастан уақыт өткенін көрмей қалды. Осындай тамаша көңіл-күй және достық атмосфера, ұмытылмас түйсіктер өте жақсы нәтиже берді.

Бұл акциямен Ақмола облысының барлық тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және аурмауға шақыртық!

Барлық қатысушыларға, веложарыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруына көмек көрсеткеніне ІІД жергілікті полиция қызметіне, жедел жәрдем машинасымен бүкіл маршрутта қолдау үшін денсаулық сақтау басқармасына, БАҚ және теледидар өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.

Мынадай акциялар Қазақстанда тұрып жатқан халықтарының тарихына, мәдениетіне, мұрағатына құрметін, төзімділігін нығайту, адамдардың арасында достық қарым-қатынастарын дамыту үшін маңызды рөл атқарады. Біз ойлаймыз, бұл веложарыс бұқаралық велоспорттың дәстүрлерін жандануына, салауатты өмір салтын қалыптасуына, қаладағы велоинфрақұрылымын дамуына қоғамның назарын тартады.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст