«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
25-ші ақпанда Ақмола облысы Бурабай ауданының «Звездный» балалар сауықтыру орталығында шаңғы туризмі техникасы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде жарысқа қатысушыларды Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Ш. Батырханов құттықтады. Оның айтуынша, біздің облысымыздың спортшылары республикалық турнирлерде үнемі ең биік тұғырлардан көрініп жүр. Ал шаңғы туризмінің республикалық федерациясының вице-президенті А. Бобрусов құттықтау сөзінде жарысқа қатысушылармен қонақтардың назарын облысымыздың дамыған инфрақұрылымы мен керемет табиғи жағдайына аударды. Бұндай қолайлы жағдай қысқы спорт түрлеріне арналған кез келген жарыстарға спортшылардың дайындығын және сол іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізуге кепілдік беретіндігін баса атап өтті.
Чемпионатқа республикамыздың жеті өңірінен 16 команда, 60 астам спортшы қатысуда.