«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасымен 2016 жылы 11-13 қазаң күндері «Звездный» балалар сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін 25-жылдығын мерекелеу аясында мектеп орманшылықтары, экологтар және жас натуралистердің VII облыстық Слеті өткізілді.
Өткізу мақсаты: өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі мен патриотизм сезімін дамытуға ықпал ететін практикалық қызметінің жүйесінде өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерртеу экологиялық мәдениетін тәрбиелеу.
Дәстүрлі, жыл сайынғы Слетке 12 команда Ақкөл, Бурабай, Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынаң 80 қатысушы жиналды.
Слетін салтанатты ашылуында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының директоры Арман Галимтайұлы Умурзаков сөз сойлеп, осы бағытта орталықтың жұмыс туралы қысқаша айтып берді. Қатысушыларға қоршаған ортаны сақтау ісінде табыс тіледі. Мектеп орманшылықтары мен экологиялық үйірме мүшелерімен жұмыстың педагогикалық нәтижелілігі барлық жинақталған тәжірбиесі мен кәсібилігін, білімін оқушыларға беретін жетекшілердің қатынасымен анықталатындығын, бұл өз кезегінде орман және экология салаларының болашағына сенім ұялататынын, жоғары нәтиже беретінін атап өтті.
Слеттің сайыс бағдарламасы толық болды, қатысушылар 8 номинация бойынша бәсекелесті:
шығармашылық сайсытар - ««ЭКСПО-2017» қарсаңында біздің істеріміз» сәлемдесу - визит карточкасы, «Туған өлкенің биоәртүрлігін сақтаймыз және көбейтеміз» Үгітбригада, «Природа-бесценный дар, один на всех», «Необычный природный объект-памятник живой природы» фото байқау сайсы, ақпараттық шығармашылық есеп; «Жасыл экономика» («ЭКСПО-2017» шенберінде), «Здоровье и окружающая среда» номинациялар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы; «Ландшафт дизайны» шығармашылық жұмыстарының көрме-байқауы; тәжірибелік байқаулар - «Орман көпсайысы», ботаника, дендрология, лесоводство, экология саласында мамандандырылған байқаулар.
Әділ қазалар алқасы құқрамына Щучинск қаласы экология және орман шаруашылығы колледжі, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің білікті мамандары кірді.
Шығармашылық сайыстарда - сөйленген сөздердің мазмұны, бағытқа сәйкестігі, ерекшіліқ бағаланды; ғылыми жобаларда - өзектілік, жаңалығы, жүргізілген зерттеулері мен тәжірибелік жұмыстардың дәрежесі мен көлемі, тәжірибелік маңыздылығы, жобаны іске асыру дәрежесі; «Ландшафт дизайны» шығармашылық жұмыстарының көрме-байқауында - эстетикалық безендірілуі, сапасы, мазмұндылығы, ұтымдылығы, үнемділігі, тиімділігі, іске асыру дәрежесі.
Тәжірибелік байқаулар өз есіктерін жылы және қуана ашқан Щучинск қаласы экология және орман шаруашылығы колледжінің базасында өтті. Колледж директоры Владимир Владимирович Скляров қатысушыларды қарсы алып, колледждің тарихы, шарттары, артықшылықтары туралы қуана айтып берді, мектеп орманшылықтары мен экологиялық үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, олардың жұмыстарының қомақты үлесі және маңыздылығын атап өтті, командаларға алдағы сайыстарға жетістік тіледі.
«Орман көпсайысы» - командалық эстафетасы дендрологиялық паркінде өтті, онда қатысушылар қарағайлардың жасын, ағаштар мен бұтақтардың, жеміс-жидектердің, саңырауқұлақтардың атауларын анықтады. Ал мамандырылған байқауларда экология, ормантану теориясын білуінде сайысты, гербарий және тұқымдар бойынша өсімдіктерді анықтады.
Слетің қорытындысы бойынша қатысушылар селесі номинацияларды грамоталарымен марапатталды: :
«Жас өлкетанушылар» ( 4 шығармашылық байқауы бойынша)
1 орын - Сандықтау ауданы Лесхоз НМ
2 орын —Шортанды ауданы Бектау ОМ
3 орын — Степногорск қаласы Карабулак ОМ, Еңбекшілдер ауданы Бұланды ОМ
«Жас ғалымдар» (ғылыми жоблаларды қорғау)
1 орын — Бурабай ауданы С. Сейфуллин ОМ ( 10-сынып оқушысы Евлоев Берс «Автоматизированная система наведения» тақырыбында жоба)
2 орын — Бурабай ауданы Окжетпес ОМ (11-сынып оқушысы Львов Александр у «Виртуальный музей «Бурабай»» тақырыбында жоба)
3 орын — Еңбекшілдер ауданы Казгородок ОМ (11-сынып оқушысы Тлеубаев Мақсат «Экологическая проблема озера Жукей и пути его решения» тақырыбында жоба); Сандықтау ауданы Лесхоз НМ (8-сынып оқушысы Кастнер Дарья «Построим будущее вместе!» тақырыбында жоба)
«Ландшафтный дизайн»
1 орын- Сандықтау ауданы Лесхоз НМ
2 орын - Шортанды ауданы Бектау ОМ
3 орын — Целиноград Қоянды ОМ, Көкшетау қаласы №21ОМ
Эстафета «Лесное многоборье»
1 орын — Сандықтау ауданы Лесхоз НМ
2 орын — Бурабай ауданы С. Сейфуллин ОМ
3 орын- Шортанды ауданы Бектау ОМ, Көкшетау қаласы №21ОМ
«Табиғаттың жас білгірлері»
1 орын —Еңбекшілдер ауданы Казгородок ОМ
2 орын — Көкшетау қаласы №21ОМ
3 орын — Шортанды ауданы Бектау ОМ, Целиноград ауданы Қоянды ОМ
жалпыкомандалық есебінде Ақмола облысы білім басқармасының дипломдапрымен марапатталды:
1 орын —Сандықтау ауданы Лесхоз НМ (жетекшісі Л.В. Исаева)
2 орын — Шортанды ауданы Бектау ОМ ( жетекшісі Аксап Разипа)
3 орын -Целиноград ауданы Қоянды ОМ; Көкшетау қаласы №21ОМ ( жетекшілері Б.Б. Ахметова, Е.В.Гудзюк )
Қалған командалар белсенді қатысқандары үшін Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, жетекшілер мен әділ қазылар алқасы алғыс хаттармен марапатталды.
Қазір бұрын-соңды болмағандай, экологиялық ойлау, экологиялық идеялар қоғамның прогрессивті даму материалдық күшіне айналады.
Қатысушылардың биология, ормантану, экологияны тереңдетіп оқу, қоршаған әлемге ұқыпты қарауы қуантады.